«Ғажайып
алаң» ойыны
Жүргізуші: Математика пәнінің мұғалімі Мәуліт Құмарзах
Қатысушылар: 9-11 сыныптардың оқушылары
І.Мақсаттары:
Білімділік:
Оқушылардың жаратылыс тану
пәндерінен (математика, информатика, физика)
меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін
жетілдіру, білімді, жан - жақты болуға үйрету;
Дамытушылық. Оқушылардың ой -
өрісін, қызығушылығын, танымдық қабілеттерін дамыту. Логикалық ойлау арқылы
толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап, сұрақтарға жауап беру барысында қорытынды
жасай білуге үйрету;
Тәрбиелік. «Оқу инемен құдық
қазғандай», – еңбекті сүйе білуге, өз уақытын дұрыс пайдалана алуға,
ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдар: Айналдырма барабан, суреттер, сыйлықтар, т. б.
Музыка ойналады,
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға
қатысушы сайыскерлер!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі,
сүйеніші боламыз! Сонымен қатар, өзіміздің де өміріміз қызықты, бақытты болмақ!
Сондықтан да бүгінгі «Ғажайып алаң» ойынына қош келіпсіздер!
ІІ. Ойынның шарты:
Ойынға әр сыныптан өз еріктерімен 9
оқушы қатыстырылғалы отыр. Оларды сыныптарына байланысты 3 топқа бөлінеді. Ойын
3 айналымнан тұрады. Бұл айналымдардан жеңіп шыққан жеңімпаздар ақтық сайыс - финал
ойынына қатысады. Финалдан шыққан оқушы «Супер – ойынға» қатысады. «Супер –
ойынды» ойнау ойнамауды ойыншы өзі шешеді. Егер ойнайтын болса барабан бетіне
супер ойын сыйлықтары ілінеді. Барабанды айналдырып сыйлығын таңдайды, яғни
нұсқағыш қайсысына тоқтайды соны алады. «Супер – ойынның» жеңімпазы арнайы
сыйлықпен және мақтау қағазымен марапатталады.
Ойын кезегін күтпей жауап берген оқушы
ойыннан шығарылады немесе бірден жауап берген кезде бір әріптен қате жіберсе
ойыннан шығады.
ІІІ. Ойынның жүру барысы
Тақтаға
сұраққа байланысты жасырын сөздер беріледі. Бұл сөздерді барабанды айналдыру
арқылы ойыншылар табады. Әріптеп табу арқылы немесе бірден жауабын беру арқылы
табуға болады. Егерде жасырынған сөзде ойыншы айтқан әріп екі немесе одан да
көп кездесетін болса, сәйкесінше сонша есе ойыншының ұпай саны еселенеді.
Ойыншы үш әріпті қатарынан тапса екі сандықша әкелінеді, 1 сандықшаның ішінде
теңге жасырылған, сол сандықшаны тапқан оқушы теңгені алады. Барабанның бетінде
сандар, яғни осы сандар арқылы ұпай аласыз және сұраққа жауап беру мүмкіндігіне
ие боласыз. Барабан бетіндегі К - күйіп кету (банкрот) белгісі жинаған ұпайларыңызды
түгелдей күйдіріп, әріп немесе сөз айту мүмкіндігінен айырып, келесі адамға
кезегіңіз беріледі. Барабан бетіндегі С сыйлық белгісі тарыса сіздің сыйлық алу мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сіз
таңдау жасайсыз не сыйлықты аласыз, не ойнайсыз. Сыйлықты алсаңыз ойыннан
шығасыз.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Пейілімізбен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
Сайыскерлер топтың жауап беру ретін қарапайым номер тарту
арқылы анықтап, сол ретпен жауап беретін болады.
Алдымен «Ғажайып алаң» ойынын бастамас бұрын І
кезеңнің сайыскерін ортаға шақырайық. Олар:
1....... 9 сынып оқушысы
2....... 10 сынып оқушысы
3....... 11 сынып оқушысы
Әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын
айтып өтеді.
І айналымның
сұрағы: 1955 жылы қазан айында, АҚШ-ның
Сиэтл қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол 13 жасында алғашқы
программасын жазып үлгерді. Кейіннен (1975 жылы) дүниежүзіне әйгілі компьютерлік
фирма ашты. Ол фирма кәзір әлемге әйгілі. Ол кім? Аты-жөні(Билл Гейтс)
Келесі кезекті әнге берейік:
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
«Ғажайып алаңда» сайыскер жаңылмағын.
Уақыт деген зымырап, өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.
Олай болса ортаға ІІ
кезеңнің ойыншыларын шақырайық.
1....... 9 сынып оқушысы
2....... 10 сынып оқушысы
3....... 11 сынып оқушысы
Әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын
айтып өтеді.
І І айналымның сұрағы: Қазақстандағы дарынды балаларға арналған алғашқы физика-математика
мектебі кімнің атында? (фамилиясы) Жәутіков
Олай болса ортаға ІІІ кезеңнің ойыншыларын шақырайық.
1....... 9 сынып оқушысы
2....... 10 сынып оқушысы
3....... 11 сынып оқушысы
Әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын
айтып өтеді.
І І І айналымның сұрағы: Жай сандардың кестесін жасайтын өз тәсілін
ұсынған ежелгі грек математигі?(Ол Александрия қаласында өмір сүрген) Эратосфен
Финалдық ойын: Финалдық ойынға үш топтың жеңімпазы
шығады.
Сұрағы: Ортақ бір центрден айналатын (көп) жұлдыздардың үлкен
жүйесі қалай аталады. Галактика
Супер – финал:
Бүгінгі «Ғажайып алаң » ойынының жеңімпазы сыныбының оқушысы
___________________атанды. Мені жеңімпазға кезекті сұрағым бар. Супер-финалда
ойнайсыз ба? Барлық турдан жеңіп шыққан ойыншымызбен супер финал ойынын
ойнаймыз. Супер ойынының тапсырмасы.
Сұрағы өзара байланысқан 3 сөзден тұрады. Көлденеңінен
математиканың саласы, тігінен 1-сөз геометриялық атау, 2-сөз информатикадағы
атау(бірлік).
Қорытынды: Ал, енді біздің
жеңімпазымызды құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Барлық
қатысқан ойыншыларымызға сыйлық таратылады.
Барлықтарыңызға көп рахмет! Ойынымыз аяқталды. Келесі ойында кездескенше. Сау
болыңыздар!