"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есептер



2024 - 2025 оқу жылындағы ғылыми - әдістемелік жұмыс бойынша

атқарылған жұмыстарға талдау есебі

            2024 – 2025 оқу жылына арналған әдістемелік жоспар құрылып, бекітілді.

2024 – 2025 оқу жылының басында әдістемелі бірлестік құрамы бектіліп, бірлестік жетекшілері жоспар бойынша жұмыстарын бастады. Әдістемелік жұмыс – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық және бақылау жатады. 2023 – 2024 оқу жылы бойынша мектебіміз білім беру ұйымдарының арасында өткізілген «Үздік ұйым 2024» рейтинг бойынша ІІ орынды иеленді. https://www.instagram.com/p/C_PcgfuomaN/?img_index=1&igsh=MW1ueXZqOGZ2aGJ3Ng==

2024 – 2025 оқу жылы бойынша әдістемелік кеңес құрамы төмендегідей бекітілді: https://drive.google.com/file/d/1vPzXPdsuYdkx4aHuIcRioiNTj0FS1xaM/view?usp=sharing

Мұғалімге әдістемелік көмек берудің ең тиімді нысаны - олардың сабақтарына қатысып, талдау жасау болып табылады. Әр пән мұғалімдерінің өзара сабақтарына қатысуы жақсы іске асып келеді. Тамыз айының соңғы күндерінде әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өтті. Отырыста мұғалімдер нормативтік құжаттармен, соның ішінде мемлекеттік стандарт, әдістемелік нұсқау хат және пән бойынша бағдарламалармен танысты.

Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары талданып, бекітілді. Оқу жылына 5 отырыс жоспарланған. Мұғалімдер әдістемелік тақырыптарымен жүйелі жұмыс жасап келеді. Әр тоқсанның басында бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау күндері бекітіледі.  Жоспарланған конкурстар мен олимпиадалар, ғылыми жоба конкурстары өз уақытында өткізіліп отырды. Әдістемелік жоспарға сәйкес онкүндіктер мен апталықтарда уақытылы және жақсы дайындықпен өткізіліп отырды. Өткізілген онкүндіктер туралы толық мәліметтер көрсетілген сілтемеде: https://drive.google.com/drive/folders/12uFPkZPDyw81Q_0QSLdntADY7AxkpnVW?usp=sharing

Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы бойынша

 Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңі 4 – қараша күні қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы пәндер, 5 – қараша күні жаратылыстану – математикалық бағытындағы пәндер бойынша олимпида өткізілді. Жалпы мектепішілік кезеңіне 9 – 11 сынып оқушыларының олимпиадасына 25 оқушы; 5 – 6 сынып оқушыларының олимпиадасына 25 оқушы; 7 – 8 сынып оқушыларының олимпиадасына 21 оқушы қатысты.

Жалпы барлығы: 71 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мектепішілік кезеңі қорытындыланып, оқушылар  І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олимпиаданың І орын иегерлері аудандық кезеңге жолдама алды. 9 – 11 сынып оқушылары олимпиадасынан аудандық кезеңге 15 оқушы жолдама алды. 

9 - 11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша:

  • Қазақстан тарихы пәнінен 11 - сынып оқушысы Жалбыр Арайлым 2-ОРЫН,
  • 10 - сынып оқушысы Қуанышбай Мақпал ГРАМОТА жетекшісі Келденова А.Р.
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен: 9 - сынып оқушысы Раймбекова Амина 3 - ОРЫН жетекшісі    Дюсембекова А.К.
  • 10 - сынып оқушысы Қабдуш Жанель ГРАМОТА жетекшісі Алшинбаева М.Н.
  • Ағылшын тілі пәнінен 9 - сынып оқушысы Утегенова Диляра 2 - ОРЫН жетекшісі Бикаева Л.Р.
  • Биология пәнінен 9 - сынып оқушысы Бостанбек Толғанай ГРАМОТА  жетекшісі Карабаева У.У.
  • География пәнінен 9 - сынып оқушысы  Асқар Адемі ГРАМОТА жетекшісі Абылкаримова М.М.

14 - қараша күні 5 - сынып оқушыларына арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді олимпиада қорытындысы бойынша                                                                  

  • ІІІ  ОРЫНМЕН:                                                                                
  • Қазақстан тарихы пәнінен Тажетдин Халид жетекшісі: Келденова А.Р.    
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Зиядова Айару жетекшісі Байходжаева Ж.Б.                                                             
  • МАДАҚТАМАМЕН:                                                                                                                                   
  •  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Ахатова Адия жетекшісі Каскаева Л.Б
  • Математика пәнінен Қазымбек Жігер жетекшісі Мұханбетжан Г.А.

15 - қараша күні 6 - сынып оқушыларына арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді олимпиада қорытындысы бойынша                                                                  

ІІІ ОРЫНМЕН:         

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Ныкишева Жансулу жетекшісі Каскаева Л.Б.                                                                                                                       
  • Жаратылыстану пәнінен 6 - сынып оқушысы Әділхан Жұлдыз жетекшісі Абылкаримова М.М                                                                                     

9, 10 желтоқсан күні 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша

  • Қазақстан тарихы пәнінен:

7 - сынып оқушысы Тулеген Риза МАДАҚТАМА,  8 - сынып оқушысы Ораз Анель ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Келденова А.Р.

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен: 

7 - сынып оқушысы Төлеген Меруерт МАДАҚТАМА иегері. Жетекшісі: Дюсембекова А.К.                                                                                                                      

8 - сынып оқушысы Хабдолла Нұрай ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Зилгарина Д.С

  • Ағылшын тілі пәнінен:  

7 - сынып оқушысы Базарбекова Дилдара МАДАҚТАМА иегері. Жетекшісі: Адильшинова А.К                                                                                                                                                           

8 - сынып оқушысы Адильшинова Нұрлыайым ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Бикаева Л.Р

  • Физика пәнінен  8 - сынып оқушысы Есинбеков Расул ІІІ орын, жетекшісі: Кантарбаева А.С
  • География пәнінен 8 - сынып оқушысы Адильбеков Нурдаулет ІІІ орын, жетекшісі: Абылкаримова М.М

Олимпиаданың облыстық кезеңіне

Қазақстан тарихы пәнінен 11 – сынып оқушысы Жалбыр Арайлым. Жетекшісі: Келденова А.Р

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен: 

6 – сынып оқушысы Ныкишева Жансулу. Жетекшісі: Каскаева Л.Б 

8 - сынып оқушысы Хабдолла Нұрай. Жетекшісі: Зилгарина Д.С

Физика пәнінен 

8 - сынып оқушысы Есинбеков Расул жетекшісі: Кантарбаева А.С

4 – қараша күні https://www.instagram.com/reel/DATZdMvIyYi/?igsh=MXI5bnl6NXpkeWZ6Ng==

олимпиада ашылуы болып  өтті.  5-11 сынып оқушыларына арналаған қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Мектепішілік кезеңіне 31  бала қатысты.

https://www.instagram.com/p/DCA75HTICcD/?igsh=MTQ1MTVmcm94c290Yg==

5 – қараша күні 5-11 сынып оқушыларына арналаған жаратылыстану - математика бағытындағы пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Мектепішілік кезеңіне 25   бала қатысты.

https://www.instagram.com/p/DCA75HTICcD/?igsh=MTQ1MTVmcm94c290Yg==

7 – 8 сынып олимпиадасы марапаттау

https://www.instagram.com/p/DCymtVwosAX/?igsh=MW13bmlpc3dwd25reQ==

5– 6 сынып олимпиадасы марапаттау

https://www.instagram.com/p/DChBnjJoy2z/?igsh=MWZjZjM4MW9wcjh4Nw==

2-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу жұмысының облыстық кезеңінің жеңімпазы 5 – сынып оқушысы Серікқызы Айару. Жетекшісі: Турсынбаева Жанар Хабдоллаевна

https://www.instagram.com/p/DCTIXNSIUgh/?igsh=OTR3cThsbGE2N2pp

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы екінші рет өткізіледі. Аталмыш бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы шеңберінде өткізіледі.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсыновтың айтуынша, олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Мұндағы мақсат – еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.

«Пәндік олимпиада – балалардың санасында алғашқы ғылыми ізденістерге жол салатын, болашақ ғалымдарды шабыттандыратын, ғылыммен еркін айналысатын жастар тобын қалыптастыратын ең ауқымды бағдарламалық сайыс. Қазақстандық мектеп оқушыларының беделді олимпиадаларға қатысу рейтингі жеңіс қоржынында медальдар санының көбейгенін, білім сапасының артқанын көрсетеді. Сондықтан республикалық олимпиадалардың әрқайсысының сапалы әрі жоғары деңгейде өтуі маңызды». Осы себептен мектебіміздің оқушылары да бұл олимпиададан тыс қалмады.

Ауыл олимпиадасының бірінші кезеңінің қортындысы бойынша 40 пайызы келесі кезеңге өтті. Аудандық кезеңінен төмендегі оқушылар МАДАҚТАМАҒА және ДИПЛОМДАРҒА ие болды.

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10 – сынып оқушысы Көшекбай Жандос ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Зилгарина Д.С; №227
  • Ағылшын тілі пәнінен 9 – сынып оқушысы Утегенова Диляра ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Бикаева Л.Р; №226
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 9 – сынып оқушысы Раймбекова Амина ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Дюсембекова А.К; №225
  • Қазақстан тарихы пәнінен 11 – сынып оқушысы Жалбыр Арайлым ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Келденова А.Р; №224
  • Қазақстан тарихы пәнінен 9 - сынып оқушысы Мұқажан Нурсулу ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Исмайлова А.Х; №223
  • Физика пәнінен 11 – сынып оқушысы Макашева Алтын Мадақтамаға ие болды. Жетекшісі: Кантарбаева А.С.№228

Ауыл олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша:

  •  
  • 9 – сынып оқушысы Утегенова Диляра ІІІ орынға ие болды; № 1839, жетекішіс: Бикаева Л.Р.
  • 9 – сынып оқушысы Мұқажан Нұрсұлу ІІІ орынға ие болды. № 1835, жетекшісі: Исмайлова А.Х.
  • 11 – сынып оқушысы Макашева Алтын физика пәнінен қатысқаны үшін Сертификатқа ие болды. №288. Жетекшісі: Кантарбаева А.С.
  • 11 – сынып оқушысы Жылбыр Арайлым Қазақстан тарихы пәнінен қатысқаны үшін Сертификатқа ие болды. №335. Жетекшісі: Келденова А.Р.

9 - 11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен мектебіміздің 11 - сынып оқушысы Жалбыр Арайлым Қазақстан тарихы пәнінен жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Жетекшісі Келденова Акбота Руслановна.

2024 – 2025 оқу жылында жаратылыстану – математикалық бағытындағы пәндер бойынша ХVII Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңінен 11 – сынып оқушысы Сапабек Ағын І орынға ие болып(№40), облыстық кезеңіне жолдама алды. Облыстық кезеңінен Сапабек Ағын Сертификатпен марапатталды. № 069. Жетекшілері: Кенжебаева А.К., Кантарбаева А.С.,  Карабаев У.У.

Жалпы білім беретін мектептер арасында 8 – 11 сынып оқушыларына арналған Лингвистика бойынша республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінен 9 – сынып оқушысы Утегенова Диляра ІІІ орынды иеленді. №206, жетекшісі: Бикаева Л.Р.

9 – 10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінен «Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясында 10 – сынып оқушысы Шымыр Азамат І орынды иеленді. Жетекшісі: Келденова А.Р. №37. https://www.instagram.com/p/DBdtGx7oBL9/?img_index=1&igsh=MTBrcDgwMjU3M3cwMA

Мұғалімдердің жетістігіне тоқтала кетсем:

  • "Үздік бастауыш сынып мұғалімі" аудандық байқауынан Бактыбаева Молдир Балгабаевна І - орынды иеленіп, облыстық кезеңінен ІІІ орынды алды.
  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпидасының аудандық кезеңінен Бозай Бақыт Сайранқызы ІІІ орынды иеленді. №78.1.
  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпидасының аудандық кезеңінен Жусувалина Асемгуль Маратовна ІІ орынды иеленді. №83.
  • Озық педагогикалық іс - тәжірибе конкурсының аудандық кезеңінің сараптамалық жұмысын өтіп, облыс көлемінде төмендегі  ұстаздарымыздың іс - тәжірибелері таратылады: Дюсембекова А.К., Каскаева Л.Б.,Бактыбаева М.Б., Карабаева У.У

Сонымен қатар мектебімізде ауданды пән мұғалімдерінің семинарлар өткізіледі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдерінің «Оқу процесіндегі жасанды интеллект: заманауи технологиялар мен практикалық кейс» тақырыбынада семинар өткізілді. Семинарда мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері белсенді атсалысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зилгарина Дильназ Саматовна аудандық семинарда "Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жасанды интеллектіні пайдалану - заман талабы" тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. https://www.instagram.com/p/DBLs4NOo_mz/?igsh=ODA1ajM2ZGh1dnM2

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каскаева Ляззат Байсеркеевна аудандық семинарда "Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану" тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. https://www.instagram.com/p/DBLtCE1oR8I/?igsh=MWNrem5rdDRtcjk4bQ==

Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дюсембекова Айман Карабаевна  аудандық семинарда қаза тілі пәнінен "Дәрігермен сұхбат" тақырыбында 7-сынып оқушылармен ашық сабақ өткізді. https://www.instagram.com/p/DBLtN6Bo5Ox/?igsh=dm02a296ZWJwb3c=

"Информатика сабақтарында білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыра отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту" тақырыбындағы информатика пәні бойынша аудандық семинарда мектебіміздің информатика және физика пәнінің мұғалімі Кантарбаева Алия Сайлауовна "Электронды кестелердің элементтерін пішімдеу" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

https://www.instagram.com/p/DCgEX_6IoyJ/?igsh=MWRuMDRrMjQybHhlNA

"Физика және математика пәндерін оқытуда цифрлық ресурстарды тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында өткізілген аудандық семинарда мектебіміздің математика және физика пәндерінің мұғалімі Мұханбетжан Гауһар Асланқызы 7 - сынып оқушыларымен Күш тақырыбында физика пәнінен ашық сабақ өткізді. https://www.instagram.com/p/DC5gk0XIcDr/?igsh=OGJnMXR4dWFmenZl

"Физика және математика пәндерін оқытуда цифрлық ресурстарды тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында өткізілген аудандық семинарда мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Казкенова Айман Нурлановна 8 - сынып оқушыларымен Квадрат үшмүше тақырыбында ашық сабақ өткізді. https://www.instagram.com/p/DC5gdOszy7K/?igsh=aTFvYTlzMnAzd2c2

«Тарих пәнінен цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында аудандық семинарда Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты тақырыбында ашық сабақ өткізіп, өз тәжірибесімен бөліскені үшін Келденова Акбота Руслановна Сертификатпен марапатталды.

Тәуелсіздік күніне орай 2 - 4  сынып оқушылары арасында мектепішілік  «Абай оқулары»   өткізілді. «Абай оқуларына» 2 – 4 сынып оқушыларынан 20 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылардан 7 оқушы І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды. https://www.instagram.com/p/DDhG1eJIoEB/?img_index=2&igsh=MWw1MHg5M2YwZ2VhMg==

5 - 9  сынып оқушылары арасында мектепішілік  «Абай - дана, Абай - дара қазақта»   атты Абай оқулары  өткізілді.

Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. Сайыскерлерді бағалау үшін төменде әділ қазы алқалары оқушыларды орындар бойынша марапаттады:

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі ұлағатты ұстаз Көшеков Қуанышбек Батырбекович

Директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары, балаларға арналған шығармалардың авторы  Бактыбаева Молдир Балгабаевна

Мектебіміздің дарынды оқушысы, олимпиаданың республикалық, облыстық кезеңінің жеңімпазы 11 – сынып оқушысы Жалбыр Арайлым. https://www.instagram.com/reel/DFdViwCIPVZ/?igsh=bmk3eXdvdDZrYW40

7-11 сынып оқушыларына арналған "Жарқын болашақ" олимпиадасының аудандық кезеңінен «Сөз шеберлері» номинациясында 10 – сынып оқушысы Қуанышпай Мақпал І орын, «Білгірлер бәйгесі» номинациясында 10 – сынып оқушысы Көшекбай Жандос І орын, жетекшісі: Зилгарина Дилназ Саматовна. «Әнші бұлбұлдар» номинациясында 7 – сынып оқушысы Базарбекова Дилдара І орын иеленді. Жетекшісі: Кошеков Куанышбек Батырбекович. https://www.instagram.com/p/DGSCIwzIKuJ/?igsh=YWg1aHNxcGEzNGo2

Ағымдағы оқу жылының 7 - сәуір күні "Зерде" зерттеу жұмысының мектепішілік кезеңі өткізілді. Мектепішілік кезеңіне оқу жылының басында 8 жұмыстан өтінім келіп түскен болатын. Мектепішілік кезеңнің іріктеу кезеңі бойынша 5 жұмыс қорғау кезеңіне өткізілді. https://drive.google.com/drive/folders/1fzBvUmPaO-yceX3LFdEj8jHLQ-m_CrYq?usp=sharing

Әділ – қазы алқалары: Қатысқан оқушылардың жұмыстарын толық қарап шықты. Рәсімделу жағына көп көңіл бөлу керек, оқушылардың жұмыстарын қорғауын әлде де қайталау жұмыстарын жүргізу, жұмыс беттерінің санынын асып кетпеуіне мән беру, жұмыстарды жинақтап, мәліметтерді толықтыру, титул бетін дұрыс рәсімдеу, жұмыстың тәжірибелік бөлімдерін толықтыру, қорғалатын жұмыстың презентациясының фонына мән беру, мәліметтердің қысқа да нұсқа болуы керек.

Қабылданған шешім: Ныкишева Жансулу Жаксылыковнаның "Көбейтудің әртүрлі әдіс-тәсілдерді", Серікқызы Айарудың «Шайдың құпия сыры» тақырыптарындағы жұмыстарды  аудандық кезеңіне қатысуға ұсынамыз.

2 - 7 сынып оқушылары арасында "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңінен математика, қолданбалы математика секциясында 6-сынып оқушысы Ныкишева Жансулу 1- орын иеленді, жетекшісі Казкенова А.Н.

Медицина, психология, экология секциясында Серікқызы Айару 3-орынды иеленді, жетекшісі Жусувалина А.М. Оқу жылының соңында мектеп атын аудан, облыс, республика көлемінде танытып, жетістікке жетіп жүрген оқушыларды марапаттау мақсатында «Дарынды бала – бақытты ғасыр кепілі»

тақырыбында дарынды және талантты оқушылар шеруі өткізілді. https://www.instagram.com/reel/DKcLpJVoYqT/?igsh=dXdmMnI0YzBmOGFy

 

«Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

2024-2025 оқу жылының

кітапханада өткізілген іс – шаралардың

 жұмысы бойынша жылдық есеп

   Жыл басындағы жаңа келген оқулықтар мен көркем әдебиетттерді есепке ала отырып мектеп кітапханасының қоры – 9096 дананы құрайды.

   2024 - 2025 оқу жылындағы мектептегі оқушылар саны - 259 олар 3868 дана тегін оқулықтармен қамтамасыз етілді. Кітапханада кітап қоры  - 9096 дана оның ішінде әдістемелік – 418, әдеби кітаптар – 1948, оқулықтар саны – 6730 соның ішінде электрондық оқулықтар саны -59.   

   Кітапхананың оқырман саны - 299 оларға ұсынған көркем әдебиеттер саны - 1948 дана.        

   Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету. Оқу жылының басында тамыз айы бойы оқушыларды оқулықпен қамту жұмыстары атқарылды. Оқушылар толығымен оқулықтармен қамтылды. Жетіспеген оқулықтар Жақсы ауданы мектептері арасында алмастырылып қамтылды.

    Кітапханаға жаңадан түскен оқулықтар мен әдеби кітаптармен танысу «Жаңа кітаптар жаңалығы». Быйылғы оқу жылында 9 сынып оқулықтарынан Қазақстан тарихы мен география оқулығы ауыстырылды, 3 сыныптарға ағылшын, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, жаратылыстану және орыс тілі оқулықтары ауыстырылды. Сонымен қатар 5-6 жастағылар оқу жұмыс дәптерлерімен қамтылды. Әдеби оқулықтар қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде келді. Бұл әдеби оқулықтар оқушыларға көрме қойылып, таныстыру жұмыстары орындалды. Жаңадан келіп түскен оқулықтар мен әдеби кітаптарды тіркеу. Жаңадан келген оқулықтар мен әдеби кітаптар штапталып, нөмірленіп, кітапхана қорының мүлік кітабына тіркелді.

“Жаңа кітаптар жаңалығы” тақырыбында көрме ұйымдастырды.

https://www.instagram.com/p/C_0Uh58Iu9_/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

5 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күні мереке қарсаңында ұйымдастырылған апталық ашылуында «Тіл әр халықтың байлығы» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды.

https://www.instagram.com/p/C_rpPhkokWX/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

«Оқуға құштар мектеп» іс – шарасы бойынша «Үзілісте кітап оқы» оқу жылының басынан, үлкен үзілісті тиімді пайдалану, оқушыларды кітап оқуға тарту ұйымдастырылып отырады.

https://www.instagram.com/p/DABVXerIKxn/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

«Халық қаҺарманы, атамыз Рақымжан Қошқарбаевқа  - 100 жыл» тақырыбында суреттік көрме ұйымдастырылып, оқушылармен таныстырылды.

https://www.instagram.com/p/DAkpgEooymg/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

Ұстаз күнімен байланыстыра отырып, Көрнекті педагог, КСРО педагогика ғылымдары академиясының академигі, Сембаев Әбдіхамит Ібінияұлының туғанына – 120 жылдығына көрме ұйымдастырылып, оқушыларға Көрнекті педагог, КСРО педагогика ғылымдары академиясының академигі, Сембаев Әбдіхамит Ібінияұлының өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.

https://www.instagram.com/p/DAtZpOhI7Kl/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

«Оқуға құштар мектеп» іс – шарасы аясында «Ақпаратты білгенің-алда жүргенің» 7 сынып оқушылары арасында іс шара ұйымдастырылды. Онда оқушылар ақпарат түрлерімен таныстырылып оны қалай қолдану керектігі және ақпарат көзі оқулық, әдеби кітаптар, оның ішінде сөздіктер, энциклопедиялар, танымдық кітаптарды оқу ұсынылды.

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» тақырыбында  5-6 сынып оқушыларының қатысуымен, мектеп ленейкасында, оқушылар дайындаған тақпақтарын мәнерлеп жатқа айтып жырлады.

https://www.instagram.com/p/DBYnVpAoBgd/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

«Оқуға құштар мектеп» іс – шарасы аясында «Оқымысты отбасы» үй жағдайында отбасында кешкі уақытты, демалыс күндерді пайдаланып жанұяда кітап оқу ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/DCHO7sDIpyO/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

Бердібек Соқпақбаев (1924-1992) – 100 жаста. «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/DDxPs8fI6xC/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

«Оқуға құштар мектеп» іс – шарасы аясында «Бәріміз бірге оқимыз» кітапханада, сыныпта кітап оқу ұйымдастырылды. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Кітап оқуға 5 минут сыйлайық“ тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырды. Оқушылар үлкен үзілістерді пайдаланып сыныптарында, кітапханада әдеби кітаптарға көңіл бөліп дауыстап оқып,үзіліс уақыттарын тиімді өткізуде.

https://www.instagram.com/p/DE32Vu4oJcQ/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

«Оқуға құштар мектеп» іс – шарасы аясында «Интернет орнына кітап» тақырыбында 9 сынып оқушыларының арасында акция ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/DDxQAPTI4um/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында мектебімізде кітапханашылар семинары өтуіне байланысты, семинар ашылуына «Желтоқсан құрбандарын» еске алу, оқушылармен дайындалған тәуелсіздікке арналған тақпақтар мен Отан, жер туралы өлеңдер орындалды.

https://www.instagram.com/p/DDxQAPTI4um/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Кітап оқуға 5 минут сыйлайық“ тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырды. Оқушылар үлкен үзілістерді пайдаланып сыныптарында, кітапханада әдеби кітаптарға көңіл бөліп дауыстап оқып,үзіліс уақыттарын тиімді өткізуде.

https://www.instagram.com/p/DE32Vu4oJcQ/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

“Оқуға құштар мектеп жобасы аясында, қысқы демалыстарын тиімді пайдалану мақсатында “Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз” тақырыбында үй жағдайында оқушылардың әдеби кітаптарды оқуын ұйымдастырып, қадағалады.

https://www.instagram.com/p/DFEzvMUIPcV/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Кітапханаға кітап сыйла” кітапхана қорына үлес қосу акциясы ұйымдастырылды. Онда оқушылар меншікте кітапханаларынан, мектеп кітапханасы қорына өз үлестерін қосты.

https://www.instagram.com/p/DFnG8k4oAws/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

Жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған “Ұлттық рухтың шырағы” атты “Көшпенділер” трилогиясының екінші кітабына негізделіп түсірілген “Көшпенділер” фильмін көрсету 8-11 сыныптар оқушыларының арасында ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/DFfW4UbIjUH/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

8 “ә”сынып оқушысы Көшекбай Еркетай, Ақмола облысы бойынша Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай “Ұлттық рухтың шырағы” атты “Көшпенділер” триллогиясын оқу челленджісін бастады.

https://www.instagram.com/reel/DFIjiZrI-6n/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

8 “а” сынып оқушылары. “Көшпенділер” трилогиясының бөлімдерін оқуға арналған оқу сағаты сәтінен көрініс.

https://www.instagram.com/p/DFfWr1BI8Pq/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

“Оқуға құштар мектеп “ жобасы аясында Ыбырай Алтынсарин “Кел, балалар оқылық” тақырыбында 2-3 сыныптарда оқу сағаты өткізді. Онда оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің “Кел, балалар оқылық” тақ пағы оқылып, тақпақтың мағанасына көңіл бөлінді. Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына тоқталып өтті.

https://www.instagram.com/p/DGnV7b3oyrQ/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына “Шоқтығы биік - Шоқан” кітап көрмесі, библиографиялық шолу ұйымдастырылып мектеп оқушыларына таныстырылды.

https://www.instagram.com/p/DGOOAh8ItWA/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

«23 сәуір – Ұлттық кітап» күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз…»  Қасым Жомарт Токаев.

Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой өрісін дамыту, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру. Сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керек түсіндіре отырып, оларды адамгершілікке, мейрімділікке, шындыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

"23 сәуір - Ұлттық кітап" күні мерекесіне орай "Ертегілер елінде" тақырыбында иллюстрациялы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылардың жұмысы қойылды. Оқушылар өзілері оқыған ертегі кітап киіпкерлерінің суреттерін салды.

https://www.instagram.com/p/DIyZj9fzUM6/?igsh=NGVnN2E0aXRodnBz

«23 - сәуір  Ұлттық кітап» күні мерекесіне орай "Кітап - алтын қазынам" тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Онда оқушылар кітап туралы тақпақтар, көріністер және айтыс қойылымдары қойылды. Сонымен қатар оқушыларға сұрақтар мақал-мәтелдер, жұмбақтар сұрақ- жауап ретінде өткізілді.

https://www.instagram.com/p/DIyZsJVzi1Z/?igsh=MXFqN3FkMW56ZTVjcw==

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай “Менің сүйікті кітабым”, “Абай шығармалары” тақырыбында басталып жатқан республикалық челленджіге мектеп оқушыларымен Абай тақпақтарын жатқа айтып өз үлестерін қосты.

https://www.instagram.com/reel/DGnWWOzITQv/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ертегілер елінде» тақырыбында кішкентай бөбектер мен жұмыс жасалды. Балаларға ертегі оқылып, оның мағанасы түсіндірілді, таныстырылды.

https://www.instagram.com/p/DHNlvWRMFKz/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

1 мамыр - Қазақстан Халықтары достығы күні мерекесі қарсаңында көрме ұйымдастырылды. Көрме тақырыбы: “Казақстан: Ел. Адамдар. Жетістіктер”.Көрмеде Қазақстан елі туралы, жерлері, халықтары, әдет- ғұрыптары және жетістіктері туралы иллюстрациялық суретті кітап көрмесі.

https://www.instagram.com/p/DI1FH90IZQl/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Ұлы Отан соғысына 80 жыл, Ұлы Отан соғысының батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған иллюстрациялық суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Ұлы Отан соғысының батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолымен, шығармашылық еңбектерімен, майданда көрсеткен ерліктерімен таныстырылды.

https://www.instagram.com/p/DJT2G-MowZB/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

 

Кітапханашы:                      Бекбергенова Л.М.

2024-2025  оқу жылындағы  кітапханашының

  жылдық  жұмысына

SWOT талдау.

Мақсаты:

Мектеп кітапханашысының 2024–2025 оқу жылындағы кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру, жұмыс сапасын жақсарту және даму мүмкіндіктерін айқындау.

 

STRENGTHS

Мықты жақтары

 

Кәсіби білім мен дағды: кітапхана жұмысын жақсы меңгерген.

 Эмпатия және тыңдай білу қабілеті: Оқушылармен және әріптестермен сенімді қарым-қатынас орната алады.

 Коммуникабельділік: Балалармен, ата-аналармен және мұғалімдермен тиімді байланыс жасай алады.

WEAKNESSES

Әлсіз тұстары

 

Уақыт тапшылығы: Көп оқушыға жеке көмек көрсетуге уақыт жетпеуі.

 Құжат жүргізудің көптігі: Қағазбастылық нақты жұмысқа кедергі келтіруі мүмкін.

Цифрлық сауаттылықтың жеткіліксіздігі (кейде): Онлайн платформалар мен цифрлық құралдарды толық меңгеру  мүмкіндігінің жоқтығы.

 

 

OPPORT UNITIES Мүмкіндіктер

 

Кәсіби дамуға жол ашық: Курстар, семинарлар арқылы білімін жетілдіру мүмкіндігі.

 Жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізу: Материалдық - техникалық базаны тиімді ету.

 Мектеп әкімшілігінің қолдауы: Кітапхана жұмысын жандандыруға, әрі қарай дамытуға жағдай жасалуы.

Желіде тәжірибе алмасу мүмкіндігі: Кәсіби мамандармен онлайн байланыс орнату, тәжірибе бөлісу.

THREATS Қауіптер

 

Кәсіби күйзеліс (эмоционалды выгорание): Үнемі стресспен жұмыс жасау салдарынан.

 Ата-аналар мен мұғалімдердің түсініспеушілігі: Кітапхана жұмысын дұрыс бағаламау.

 Оқушы жүктемесінің көбеюі: Оқушылардың уақытының шектеулілігі кітапханашының жұмысын қиындатуы мүмкін.

 Қаржылық немесе материалдық қолдаудың жеткіліксіздігі: Қажетті құрал-жабдықтардың болмауы.

 

Қорытынды:

Кітапханашының кәсіби дамуына, заманауи әдістерді енгізуге және кітапхана қызметтің беделін арттыруға бағытталған жүйелі қолдау көрсету қажет. Әлсіз тұстарды азайтып, мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы кітапханашы жұмысы оқушылардың жеке тұлға болып дамуына үлкен үлес қоса алады.

 

 

 


Текст