Жақсы №1 орта мектебінің "Балдәурен" лагерінің "Күншуақ" ауысымындағы қашықтықтан өткен іс-шаралардың есебі
10.06.2020 ж күннен бастап «Балдаурен» мектепалды лагерінің «Күншуақ» ауысымы қашықтықтан өз жұмысын бастап кетті. 10.06.2020 жылы күні лагердің ашылу салтанаты басталды. Лагерь ашылуының негізгі мақсаты мен міндеттері төмендегідей.
Мақсаты:Оқушыларының демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету.
Міндеттері:Туған ел тарихын, тілін, салт-дәстүрін құрметтеу, елін, жерін, Отанын сүюге баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Лагерь ашылуына Жаныбек Жолдасбек, Жанғали Арайлым, Тасболат Нуриддин, Ахметова Баян «Қазақстан – менің Отаным!» тақырыбында өлеңдерін мәнерлеп оқып, бейнежазбаларын WhatsApp интернет желісі арқылы жіберді. 11.06.2020 ж күні оқушылар «Менің арманымдағы үй» тақырыпта суреттер салды. Оқушылар ең алдымен таңғы жаттығулар жасап, өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісті. Тақырып бойынша WhatsApp интернет желісі арқылы әңгімелесе отырып өз ойларымен бөлісті. Оқушылар қазіргі кезде қандай үйде тұрып жатқандары және болашақта қандай үйде тұруды армандайтындары туралы сұралып, сұхбат өз жауаптарымен толықтырылды. Белсенді танытқан оқушылар: Раимбекова Амина, Өміржан Құдайберген, Мағуз Әмина, Утегенова Диляра, Алдажаров Арнур, Мырзамсеитова Медина. 12.06.2020 ж күні «Менің отбасым!» атты тақырыпта оқушылар шығармашылық жұмыстар жасады. Оқушылар ең алдымен таңғы жаттығулар жасап, тақырып бойынша WhatsApp интернет желісі арқылы әңгімелесе отырып өз ойларымен бөлісті. Оқушыларға «Отбасы», «Әке», «Ана» туралы сөздердің мағынасын тереңнен түсіну мақсатымен WhatsApp интернет желісі арқылы видео жіберілді. Оқушылар видеоны қарай отырып, өз ойларымен бөлісті, сұрақтар қойылды. Тасболат Нуриддин, Жұматай Нұрсұлтан, Муратова Дэниз аталған оқушылар өз отбасылары туралы шағын видео жасады. 13.06.2020 ж күні «Табиғат қорғау» атты тақырыпта оқушылар шығармашылық жұмыстар жасады.Оқушылар ең алдымен таңғы жаттығулар жасап, тақырып бойынша WhatsApp интернет желісі арқылы әңгімелесе отырып өз ойларымен бөлісті. Оқушыларға табиғаттың адам өміріне қаншалықты керек, әрі оны қалай қорғау керектігі жайында видео жіберілді.Галиаскарова Ариза мен Досанов Темирлан табиғат туралы өлең жолдарын оқып шықса, ал бау-бақшаны көгалдандырудағы фотомен Бағдат Бөлебай бөлісті. 14.06.2020 ж күні «Тарихи мәдени»атты тақырыпта оқушылар шығармашылық жұмыстар жасады.Оқушылар ең алдымен таңғы жаттығулар жасап, өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісті. Тақырып бойынша WhatsApp интернет желісі арқылы әңгімелесе отырып өз ойларымен бөлісті.«Астана – бас қала!» фильмін интернет желісі арқылы көру ұсындық. Оқушылар көргеннен кейін өз ойларымен бөлісті және қойылған сұрақтарға жауап жаза білді. «Менің сүйікті – қалам!» атты тақырыпта Жанғали Арайлым видео жасады. Видеода өзінің сүйікті қаласы «Қостанай» туралы ақпараттармен бөлісті. «Менің сүйікті – қалам!» атты тақырыпта Бүркүтәлі Тамирлан, Бостанбек Толғанай, Мағұз Амина сурет салды. 15.06.2020 ж күні «Пайдалы ойындар» атты тақырыпта фотосуреттер байқауы өткізілді. Оқушылар ең алдымен таңғы жаттығулар жасап, өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісті. Тақырып бойынша WhatsApp интернет желісі арқылы әңгімелесе отырып өз ойларымен бөлісті.Оқушыларға қандай пайдалы ойындар білесіңдер? деген сұраққа өздері білетін ойын түрлерін атап шыға алды. Соның ішінде мектепте ойнаған шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, асық ойындарын да атады. Бүгінгі күні аталған ойындармен ойнап көру ұсынылды. Оқушылар үйде ата-аналарымен, достарымен, туыстарымен ойнаған ойын түрлерін фото арқылы жіберді. 16.06.2020 ж күні «Спорт күні» атты тақырыпта мақал-мәтелдер жарысы өткізілді. Оқушылар ең алдымен таңғы жаттығулар жасап, өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісті. Тақырып бойынша WhatsApp интернет желісі арқылы әңгімелесе отырып өз ойларымен бөлісті. Оқушыларға жаттығу түрлері жинақталған бейнесабақ WhatsApp интернет желісі арқылы жіберілді. Сол бейнені тамашалап, іс-қимылдарды қайталай алды. Мақал-мәтелдерді жатқа айту жарысы өткізілді. Мырзамсеитова Медина, Басбатыр Расул, Мавлетай Еңлік белсенділік танытты. 17.06.2020 ж күні «Мода әлемінде» атты тақырыпта киім үлгілерін көрсету жарысы ұымдастырылды. Оқушылар ең алдымен таңғы жаттығулар жасап, өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісті. Тақырып бойынша WhatsApp интернет желісі арқылы әңгімелесе отырып өз ойларымен бөлісті. Оқушыларға өздері немесе ата-аналарының көмегімен түрлі заттарды қолданып, киім жасау немесе алдында жасалған киім үлгілері болса, прзентация жасау тапсырмасы берілді. Еркинова Карина, Амангелді Мансур, Галиаскарова Ариза, Тасболат Нуриддин, Тагарова Диляра белсенділік танытты. 18.06.2020 ж күні «Таланттар әлемі» атты тақырыпта өз өнерін көрсету жарысы өткізілді. Оқушылар ең алдымен таңғы жаттығулар жасап, өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісті. Тақырып бойынша WhatsApp интернет желісі арқылы әңгімелесе отырып өз ойларымен бөлісті. Оқушыларға өздерінің өнерлеріне прзентация жасау тапсырмасы берілді. Муратова Дэниз, Адильшинова Нурлыайым, Көшекбай Еркетай өз өнерлерімен бөлісті. 19.06.2020 ж күні «Қош бол,Балдәурен!» атты тақырыпта лагерьдің жабылуы өткізілді.Оқушылар ең алдымен таңғы жаттығулар жасап, өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісті. Тақырып бойынша WhatsApp интернет желісі арқылы әңгімелесе отырып өз ойларымен бөлісті. Лагерь бойынша жақсы ат салысқан оқушылар марапатталды.Олар: Адилбеков Нурдаулет, Адильшинова Нурлыайым, Алимбев Алдияр, Бағда Бөлебай, Бүркүтәлі Тамирлан, Көшекбай Еркетай, Мағуз Әмина, Тагарова Диляра,Тұрған Рабиха,Хабдолла Нұрай, Ахметова Баян, Еркинова Карина,Жұматай Нұрсұлтан,Жанғали Арайлым,Муратова Дэниз, Мырзамсеитова Медина,Мавлетай Еңлік,Басбатыр Расул,Галиаскарова Ариза, Досанов Темирлан,Жаныбек Жолдасбек,Раимбекова Амина, Тасболат Нуриддин,Утегенова Диляра.
Жақсы №1 орта мектебі бойынша жазғы «Балдәурен» мектепалды лагерінің «Шұғыла» ауысымында атқарылған жұмыс есебі
Мектеп жанындағы «Шұғыла» лагері алдын – ала қаралып, бекітілген жоспар бойынша ағымдағы жылдың 22 маусымы мен 01 шілде аралығында қашықтықтан жұмыс атқарды. Жазғы лагерьге мектебіміздің 5 «а», 5 «ә», 6 – сынып оқушылары қатысты. Онлайн демалыс кезінде балалардың уақытын қамту үшін арнайы бағдарлама жасалды. Жауапты мұғалімдер: Дюсембекова А.К. Абылкаримова М.М. Бикаева Л.
Жазғы лагерьдің мақсаты:
Жазғы жағдайда оқу үрдісін жалғастыру;
балаларды жазғы уақытта іспен қамту мәселесі;
оқушылардың денсаулығын бекіту.
Бағдарламадағы іс – шаралар балалардың қызығушылығы мен псилологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып жасадық.
Мақсаты: оқушыларының демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету.
Міндеттері: уақытша қашықтықтан оқушылардың сауықтыру мен демалысын ұйымдастыру.
2)оқушылардың бос уақытын қызықты ұйымдастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
ұжымдылыққа тәрбиелеу, коммуникативтік білікті, рухани қасиеттерді дамыту.
Бағдарлама бойынша әрбір күнге тақырыптық іс – шаралар ұйымдастырылды. «Менің арманымдағы демалыс» тақырыбындағы суреттер салу байқауына 5«а», 6-сынып оқушылары Шимиров А., Нұрғамиден А. Ержан А., Сансызбаева А сияқты оқушылар өз қиялындағы демалысты түрлі түсті бояумен әсерлі жеткізе білді.
«Вайн челлендж» тақырыбындағы іс – шарада 5 «ә» сынып оқушысы Қабдуш Ж. Мен 6-сынып оқушысы Мұрзахмет Ж. түрлі бағдарламалар арқылы тартымды бейнежазба түсіріп, өз қабілеттерін көрсете білді. Тарихи – мәдени бөлім бойынша оқушылар еліміздің астанасы - Нұр-сұлтан туралы документалды фильмді көріп, бүгінгі Нұр-сұлтан қаласына саяхатқа шыққандай әсерде болды. «Энерджайзер» бөлімінде 5 «а» сынып оқушылары Чужебаева Ажар мен Қуанышбай Мақпал көркем биден өз өнерлерін бейнежазба арқылы көрсете білді. «Халықтар фестивалі» күніне әртүрлі ұлт өкілдерінің мақал – мәтелдерінен жарыс ұйымдастырылды. 6 – сынып оқушылары Шернияс Д. Мұрзахмет Ж. белсенді қатысты. Қағаздан кеме жасап, безендіріп, фото конкурсқа қатысу байқауына 6 –сынып оқушысы Сансызбаева А. Қазымбек Ұ. 5 «а» сынып оқушысы Нұрғамиден Ә. өз жұмыстарын ұсынып жауапкершілікпен қатыса білді.
Лагерьдің жабылу салтанатына оқушылар мәнерлеп өлең оқып, 6-сынып оқушылары Жалбыр А. мен Қазымбек Ұ. ән шырқады.
Жаксы №1 орта мектебінің бейінді мектепалды спорттық «Жан сұлулығы» лагерінің «Тарландар» аусымында жүргізілген жұмыс есебі
Жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы «Жан сұлулығы» лагеріне 1 ауысымда – 14 оқушы, болды.Лагерьдің І ауысымы 01 маусымнан – 11 маусымға дейін жұмыс жүргізілді. «Жан сұлулығы» лагерінде 1 топ жұмыс жүргізді: Лагерьге жауапты: Аяпбергенов А.Ж. 1 ауысымда құралған жоспар толық орындалды, Күнделікті лагерьдегі іс – шаралар жоспар бойынша өтті.. Топ атауы: «Тарландар». Үй жаттығуларын жасады. Осылайша күнделікті лагерьдегі іс – шаралар жоспары бойынша өтті. Денсаулық нығайту, бұлшықеттерін дамыту негізінде күнделікті таңғы жаттығулар өткізілді. «Жолда жүру ережесі» тақырыбына тағайындалған шаралар әр жұма сайын өткізіліп отырды. қауіпсіздігін сақтау» жөніндегі іс – шара толық жүзеге асылып, лагерьдегі құрылған жоспар орындалды. Лагерьде болған уақытта таза ауамен және күн көзімен қуаттану үшін түрлі спорттық шаралар өткізілді. Балалардың лагерьге өте қызығушылықпен қатысты.
Жаксы №1 орта мектебінің бейінді мектепалды спорттық «Жан сұлулығы» лагерінің «Шымырлар» ауысымында жүргізілген жұмыс есебі
Жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы «Жан сұлулығы» лагеріне 2 ауысымда – 13 оқушы, болды.Лагерьдің ІІ ауысымы 11 маусымнан – 22 маусымға дейін жұмыс жүргізілді. «Жан сұлулығы» лагерінде 1 топ жұмыс жүргізді: Лагерь тәрбиешілер: Абильжанов Ж.Ж. 2 ауысымда құралған жоспар толық орындалды, күнделікті лагерьдегі іс – шаралар жоспар бойынша өтті. Топ атауы: «Шымырлар». Үй жаттығуларын жасады. Осылайша күнделікті лагерьдегі іс – шаралар жоспары бойынша өтті. Денсаулық нығайту, бұлшықеттерін дамыту негізінде күнделікті таңғы жаттығулар өткізілді. « Қауіпсіздігін сақтау» жөніндегі іс – шара толық жүзеге асылып, лагерьдегі құрылған жоспар орындалды. Лагерьде болған уақытта таза ауамен және күн көзімен қуаттану үшін түрлі спорттық шаралар өткізілді. Оқушылар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын және спорттық ойындарымен жаттығуларды үй жағдайында орындады. Балалардың лагерьге өте қызығушылықпен қатысты.
2019-2020 оқу жылы.
Шырайлы жаз мезгілін асыға күткен оқушыларымыздың көңіл-күйі көтеріңкі. Бүгін мектеп жанындағы "Балдәурен" және "Болашақ" жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. Бос уақыттарын тиімді өткізуді көздеген оқушылар іс-шара барысында белсенділік танытты. тәрбиешілер:Шыныбекова У., Жанабергенова А.,Сағымбай М., Адильшинова А.
"Балдәурен" лагерінде "Болашақ" ауысымдағы жайдарлы демалыс жалғасуда. Демалушылардың күн тәртібін басты назарына ұстаушы тәрбиешілер жоспарға сәйкес бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруда. Балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында өткізілген байқауға демалушылар белсене қатысты.
"Болашақ" ауысымдағы демалушылардың спортқа деген қызығушылығы зор. Бұл сөзімізге салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық іс-шара дәлел.
Бүгін мектеп жанындағы "Балдаурен" лагеріндегі "Жалын" атты екінші ауысымның ашылуы салтанаты өтті.Демалушылар өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты. тәрбиешілері: Муканова Е., Бактыбаева М., Утебаева А