"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен өз құқығымды білемін»

14.03.2017

Мұғалім: Құрметті, оқушылар және қонақтары «Мен өз құқығымды білемін» атты пікірталас және викториналық

сұрақтар әлеміне қош келдіңіздер!

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді.

Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар

ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын

қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да

аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.

Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да

әрқашан орыналады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын

құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау.

Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Іс-шарамызды

бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. Коспанов Амандық

Балтабаевич- Жақсы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысының орынбасары.

2. Алимкулов Нурлан

Муратбекович – Жақсы аудандық прокурорының орынбасары.

3. Кожмагамбетова Жұлдызай

Толегеновна – жақсы аудандық білім бөлімінің әдіскері.

3. Дауренбекова Гүлден              - Жақсы жаршысы газетінің

редакторы.

-- Олай болса

іс-шарамызды бастайық.

І. Әр топ өз командасын таныстырады (киім үлгісі, эмблема, топтың аты,

ұраны)

ІІ.Әр топ құқыққа байланысты көрініс қояды.

ІІІ. Сенің құқығың – менің құқығым (Оқушы құқығы)

IV. «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

V. Көкейде жүрген бір сауал (сұрақ-жауап)

VI .Ойлан тап. (Сызба арқылы дұрыс жауаптарын белгілеу)                              VII. Қорытынды

 

І. Әр топ өз командасын таныстырады (киім үлгісі, эмблема, топтың аты,

ұраны)

 

ІІ. Әр топ құқыққа байланысты көрініс қояды. (Қойылған қойылымның мазмұнына қарап бағалау)

 

ІІІ. Сенің құқығың – менің құқығым (Оқушы құқығы)

Адам.Қоғам.Құқық пәні бойынша әр топқа 10 сұрақтан

тұратын блиц сұрақтар қою

Топ басшыларына сұрақтар.

1) Қоғамдық ортада адамдардың өздерін ұстау ережелерінің

жиынытығы? әлеуметтік нормалар

2) Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағалатантнн

жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі? құқық

3) Құқық негізінде мемлекеттің басты негізгі заңы?

конституция

4) Құқықтық тәртіпті қорғау үшін заңды бұзушыларды

жауапқа тартатын арнаулы органдар? полиция, сот, прокуратура

5) Тарихта тұңғыш рет азаматтардың заң алдындағы

теңдігін, жеке адамның бас бостандығын жариялаған негізгі құжат? "Адам мен

азамат құқықтарының декларациясы"

6) Жазаның түрлері? айып салу, құқықтан айыру, тұтқындау,

бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу т.б

7) Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы қашан

қабылданды? 1995 жылдың 30 тамыз

8) Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен тұрады?9

9) Қазақстан Республикасының Конституциясы неше баптан

тұрады? 98 бап

10) Қазақстан Республикасының Конституциясының алғашқы

бөлімі? Жалпы ережелер

11)  Қазақстан

Республикасының Конституциясында "мемлекеттік биліктің бірден-бір

бастауы"? халық

12) Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері,

азамат және азаматтыққа байланысты ережелер конституцияның қай бөлімінде

берілген? "Адам және азамат"

13) Қазақстан Республикасының Конституциясының үшінші

бөлімі? Президент

14) Қазақстан Республикасының Конституциясының соңғы  бөлімі? қорытынды және өтпелі ережелер

15) Басқарудың рсепубликалық формасындағы елдердің

сайланып қойылған мемлекет басшысы? Президент

16) Орталық және жергілікті атқарушы органдар жүйесін

басқарады, солардың қызметіне басшылық ететін алқалы орган? Үкімет

17) Жергілікті өкілетті және атқару органдары жүзеге

асыратын жергілікті мемлекет басқару? маслихат

18) Қазақстан Республикасының заңі шығару қызметін жүзеге

асыратын ең жоғарғы өкілетті орган? Парламент

19) Парламенттің  палаталары?

сенат және мәжіліс

20) қазақстан Республикасының Парламентінің жоғарғы

палатасы? Сенат

21) Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі? 6 жыл

22) Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президентінің

тағайындаған депутаттар саны? 15

23) Мәжіліс депутаттарының саны? 107

24) Әрекеттілік қабілеттілік толығымен азамат неше

жасында күшіне енеді? 18 жас

25) Адамның құқығына, мүлкіне шектеу жасалатын

мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы? әкімшілік жаза

26) Мәжіліс депутатына неше жастағы азамат бола алады? 25

жастағы

27) Қазақ КСР-і президент қызметін қай жылы тағайындады?

1990 сәуір

28) БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері

жөніндегі ұйымы? ЮНЕСКО

29) Қазақстан парламентінің төменгі палатасы? мәжіліс

30) Референдум дегеніміз? жалпы халықтық дауыс беру

ІY.

«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

І) 9 жасар Асанға әрқашан

жоғарғы сынып оқушылары жәбір көрсетеді. Ол мүғалімге айтып шағымданудан

қорқады, себебі ол оқушылар айтсаң, одан бетер ұрамыз деп қорқытқан

ІІ) 11 жасар Ардақтың отбасы

ауылда тұрады және үлкен шаруашылықтары бар. Ардақтың ата-анасы бірнеше күн еш

себепсіз баласын сабаққа жібермей, үй жұмыстарына араласуын сұрап мектепке

жіберген жоқ.

ІІІ) 13 жасар Алматтың

ата-анасы маскүнемдікпен ауырады. Ол ата-анасынан қашып кетіп көрінген жерде

түнеп жүр. Күнін көру үшін ауыл маңындағы автобекеттерде автокөліктерді жууға

мәжбүр болды.

ІҮ) 7 жасар Алинаны балалар

үйінен асырап алды. Алайда Алинаның жаңа ата-анасы баланың еркінен тыс ауыр

жұмыстарға салып, қамауда ұстайды

 

V. Көкейде жүрген бір сауал (сұрақ-жауап)                                                       

Оқушыларға үй жұмысы ретінде берілген тапсырма

 

VІ. Ойлан тап

1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.

2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы

3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым

4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік

5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі

6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган

7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу

8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны

Дұрыс жауабы:

1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г

Әділқазылар алқасы шешімін шығарғанша Қазымбек Ұланның

орындауындағы әнді қарыс алыңыздар.



 

Просмотров: 630

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст