Ағымдағы оқу жылында Жақсы №1 орта мектебінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай және Ұлы Абай ақынның шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау барысында «Абай әлемі» клубының ашылуы болып өтті. Клубтың мақсаты: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, Абай ақынның даналығын,рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету. Іс-шараның салтанатты ашылуында 2,3,4-сынып оқушылары Абайдың шығармашылығымен танысып, өлеңдерінен үзінділерді жатқа оқыды.
«Абай мұрасы-қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» - деп Елбасымыз Абай мұрасына ерекше баға берді. Олай болса, барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс.