Текст
2024 жылдың 27 қыркүйек күні 1-11 сынып ата –аналарына «Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі» тақырыбында жиналыстар өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты балалардың өмір қауіпсіздігіне ата-аналардың жауапкершілігін арттыру болды. Жиналыс барысында, балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздік мәселесі козғалып, қауіпті топтар мен ойындар санының артқандығы айтылды. Гимназия педагог-психологтары оқушылардың мінез –құлқын бағалау және бала бойында кездесуі мүмкін назар аудару қажет белгілер туралы атап өтті. Ата –аналарға қауіптердің алдын алу үшін қажет ұсыныстар мен кеңестер айтылды. Сонымен қатар, ата-аналарға мектептегі психологиялық қолдау қызметінің жұмысы, қаладағы қолдау орталықтары туралы және «111» сенім телефоны туралы ақпарат берілді.