Менің жасым 15-те, Жақсы №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысымын. Бала кезімнен бастап, ата- анам мені түрлі үйірмелерге,олимпиадаларға, сайыстарға қатыстыратын. Ең басынан бастап осындай белсенді өмір маған өте ұнады. 5 сыныпта Республикалық бірынғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылдандым. Дәл сол кезден өмірім 180 градусқа өзгерді деп айта аламын. Мектептің қоғамдық іс-шараларына қатысып, аға -тәлімгермен бірге мектеп тәртібін бақылауға көмектестім. Аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Осылай тәжірбиені жинап, 8-9 сыныптарды мектеп Ұланбасшысы атандым. Сол кезде мен түсінгенім "Қосбасшының екі басты қасиеті бар. Біріншіден, өзі мақсатқа жетеді, екіншіден, ол өзінің артынан адамдарды жетелейді".