Өзіңізді және отбасыңызды ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғауға болады!
ЖРВИ мен тұмау-бұл тыныс алу жолдарының,вирустар туындататын ең көп таралған аурулары. Олар науқас адамнан ауа –тамшы жолымен жұқтырылады.
Негізгі белгілері: мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қырылдауы, жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бұлшық еттердің ауысынуы және т.б.
ЖРВИ мен тұмау балаларда құсуымен, іш өтумен, тыныс алуының қиындауымен біліну мүмкін.
Балалардың , жүкті әйелдер мен қарттардың ЖРВИ және тұмаумен сырқаттануына жол бермеу ісіне баса назар аудару керек!
ЖРВИ мен тұмау ауруы көбейген кезеңде ауру жұқтырудан қалай сақтануға және қалай асқындырмауға болады:
Отбасында, жұмыста ауру адам бар болған кезде міндетті түрде бетперде кию керек.
Мұрынның сілемейлі қабатын, әсіресе үйден шығар кезде оксолин майымен майлау керек.
Адамдар көп жиналатын орындарға бармау керек (вокзал, әуежай, қоғамдық көлік, супермаркет, балабақша мен мектеп)
Қатты тоңбау, ауа райна байланысты киім кию керек.
Ең алдымен балаларға, жүкті әйелдер мен қартарға дер кезінде дәрігердің кеңесіне сәйкес тұмаудан қорғайтын вакцина жасау керек.
ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы профилактикасы үшін дәрі қобдишасының болуы (термометр, бетперде, аскорбин қышқылы, интерферон, оксолин майы,мұрынға тамызатын тұзды ерітінділер және басқа)!
Жеке тазалықты сақтау, қолды жиі жуу.
Ұдайы ылғалды тазалау шараларын жүргізіп, үй-жайды желдетіп отыру керек(күніне 3реттен жиілетпей).
ЖРВИ мен тұмаудың аоғашқы белгілері білінген кезде дереу дәрігер шақырту керек.
ЖРВИ мен тұмау иммунитеті әлсіреген жүкті әйелдерді түрлі асқынушылықтарға душар етуі мүмкін екенін есте сақтаныз (бронхит, пневмония, мерзіміне жетпей босану).
Тек дәрігер ғана Сізге жеке тексеру барысында ем тағайыедай алады! Өз бетіңізше емдеумен айналыспаңыз, ол Сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті.
Өзіңізді жәнк отбасыңыздың денсаулығын сақтаныз!