"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тоғызқұмалақ" ойыны

13.11.2020

Күзгі демалыс уақытында
ұйымдастырылған "Тоғызқұмалақ" ойыны
Жауапты мұғалім: Көшеков Қ.Б.

Тоғызқұмалақ ойыны ұзақ уақыттар бойы қазақ даласында кең таралып, жалпыласып, жалпылық сипат тапқан халықтық қазына. Тоғызқұмалақ ойыны тек жай бұқараның игілігімен ғана шектелмей, көптеген ұлы ойшыл, талғампаз даналардың да ардақтайтын ата мұрасына айналған. Халқымыз сонау ерте заманнан алуан өнердің әр саласына қанатын кең жайып келді. Сол өнер өресін ұрпақтан ұрпаққа аманаттап, бүгінге жеткізіп отыр. Дүниедегі кез келген ұлттың белгілі бір мәдениет үлгісі мен өнері түрлі тарихи және қоғамдық себептердің салдарынан, өмірге келгенімен, бірақ, солардың барлығының ғасырлардан-ғасырларға ұласып, ұзақ уақыттар бойы адамзат игілігіне жарай беруі тым күрделі құбылыс. Тек осылардың ішінде құны бар, өміршеңдік қуаты күштісі ғана кейігі ұрпақтарға жалыны өшпей, жыл өткен сайын маңызы күшейіп жетеді. Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы  деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кеңтараған ойын болатын. Өкінішке қарай, ол Кеңес Одағы кезінде біршама тоқырауға ұшырап, артынан тіпті насихатталмай-ақ қойды. Бірақ еліміз Тәуелсіздік алған кезден бері осынау ұлттық ойынымыз қайта жандану жолына түсті. Қазіргі таңда республикамызда оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Тоғызқұмалақ қазақ даласына қай дәуірден бастап таралып, қанат жайғаны жайында нақты дерек болмағанымен, бірақ оның пайда болу төркіні қысқа ғана уақыттың жемісі емес екені анық. Яғни, оның пайда болуы мен көпке тарауы ұлтымыздың ұзақ уақыт бойы мал шаруашылығын негіз еткен көшпенді тұрмыс тіршілігі мен тығыз байланысты тоғызқұмалақ ойынындағы «құмалақ» атауының өзін алсақ, оның басқа емес малдың, анығырақ айтқанда қой-ешкінің не түйе тектес жануарлардың тезегінің жалпы атауы екендігі баршаға түсінікті. Одан қалса, тоғызқұмалақ ойынындағы «ат», «ат өтпес», «атсыратар», «қойым қоздады» деген атау-терминдердің барлығы мал атауларымен байланысты. Осы тұрғыдан көз жібергенде әуелі бұл ойынның тоғызқұмалақ аталуының себебі, жоғарыда айтып өткен малдардың құмалағынан әрі бұл құмалақтардың тоғызтоғыздан бөлініп орналасуынан қалыптасқандығы өздігінен-ақ түсінікті. Тоғызқұмалақ ойыны кезінде кең байтақ сахарадағы көптеген түркі тілдес көшпелі ұлттар мен тайпалардың көңіл көтеретін, ортақ мәдени ойыны болған. Сол заманда кеш бата ауыл маңындағы төбешіктерде әңгіме-дүкен құратын ақсақалдар, ауыл аралап сайран салатын сал-серілер, мен далада бастары қосылған малшылар, тоғызқұмалақтың отаулары мен қазанын жерден қазып, қой-ешкінің құмалағынан, немесе ұсақ тастарды жүріске пайдаланып ойнаудан, бірте-бірте арнайы тақтада ойылып, ойын ойнаған сайын күрделеніп, ғылыми жүйеге түсіп, ақыры өнердің биік өресіне көтерілді. Дәл осындай ұлтымыздың өшпес мәдениет үлгісі мен өнер айшығының бірі – тоғызқұмалақ ойыны. Ол ұлтымыздың атам заманнан бері жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге бойлаған дәстүрлі төл мұрасы. Сонымен бірге өресі биік бұқаралық спорт өнері. Тоғызқұмалақ қазақ даласына қай дәуірден бастап таралып, қанат жайғаны жайында нақты дерек болмағанымен, бірақ оның пайда болу төркіні қысқа ғана уақыттың жемісі емес екені анық. Яғни, оның пайда болуы мен көпке тарауы ұлтымыздың ұзақ уақыт бойы мал шаруашылығын негіз еткен көшпенді тұрмыс тіршілігі мен тығыз байланысты тоғызқұмалақ ойынындағы «құмалақ» атауының өзін алсақ, оның басқа емес малдың, анығырақ айтқанда қой-ешкінің не түйе тектес жануарлардың тезегінің жалпы атауы екендігі баршаға түсінікті. Одан қалса, тоғызқұмалақ ойынындағы «ат», «ат өтпес», «атсыратар», «қойым қоздады» деген атау-терминдердің барлығы мал атауларымен байланысты. Осы тұрғыдан көз жібергенде әуелі бұл ойынның тоғызқұмалақ аталуының себебі,жоғарыда айтып өткен малдардың құмалағынан әрі бұл құмалақтардың тоғызтоғыздан бөлініп орналасуынан қалыптасқандығы өздігінен-ақ түсінікті. Деректемелерде тоғызқұмалақ ойыны тек қазақ ұлтының ғана емес, сонымен бірге Орталық Азиядағы басқа да қырғыз, Қарақалпақ, Алтай тектес туысқан ұлттар мен халықтар арасында да кең таралғандығы сипатталады. (Ол туралы Қазақ энциклопедиясының 11-томында кеңірек жазылған.) Тоғызқұмалақ ойыны кезінде кең байтақ сахарадағы көптеген түркі тілдес көшпелі ұлттар мен тайпалардың көңіл көтеретін, ортақ мәдени ойыны болған. Сол заманда кеш бата ауыл маңындағы төбешіктерде әңгіме-дүкен құратын ақсақалдар, ауыл аралап сайран салатын сал-серілер, иен далада әредікте бастары қосылған малшылар, тоғызқұмалақтың отаулары мен қазанын жерден қазып, қой-ешкінің құмалағынан, немесе ұсақ тастарды жүріске пайдаланып ойнаудан, бірте-бірте арнайы тақтада ойылып, ойын ойнаған сайын күрделеніп, ғылыми жүйеге түсіп, ақыры өнердің биік өресіне көтерілді. Тоғызқұмалақ ойыны ұзақ уақыттар бойы қазақ даласында кең таралып, жалпыласып, жалпылық сипат тапқан халықтық қазына. Тоғызқұмалақ ойыны тек жай бұқараның игілігімен ғана шектелмей, көптеген ұлы ойшыл, талғампаз даналардың да ардақтайтын ата мұрасына айналған. Ал, міне бүгінгі таңда осы ұлттық ойынымыз әлемдік деңгейге көтеріліп, жас ұрпақты зияткерлікке, ойлау қабілеттерін арттыруға, жан-жақты ой-өресін жетілдіруге ерекше маңызға ие болып отырғаны, сондай-ақ әлем елдерінің де тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығы ұлттық ойынымыздың бағын жандырып, елімізді, ұлтымызды әлемге әйгілей бастады. Оған дәлел – еліміздің Елордасында өткен тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем біріншілігі.

Тоғызқұмалақ ойынының принциптері.

Ойын кезінде тартыс алғашқы жүрістерден-ақ шиеленісе түседі. Дойбы, шахмат ойындарындағы сияқты тастарды жинақтап, шабуыл, қорғанысқа даярлау деген сирек жағдай. Өйткені ақ жағының алғашқы жүрісі-ақ бірнеше құмалақтарды ұтып алуға жеткізеді. Сондықтан ойыншы бірден ойланады. «Қай отаудан жүрсем екен?», «Ойынды қалай бастасам екен?», «Құмалақтарды отауларда қалай орналастырсам екен?», «ойынның басында ғана ма, әлде ойынның соңына дейін үздіксіз есептеп отыру қажет пе?». Міне, осындай сұрақтардың тууы да заңды. Біз позицияларындағы тактикалық және стратегиялық жоспарларды талдамас бұрын жас таплапкерлерді осы қойылған сұрақтар төңірегінде туған ойынның негізгі принциптерімен таныстырып өтейік.

Бұл принциптер мыналар:

а) тақта үстіндегі ойын күштеріне жауапкершілікпен қарау;

ә) отаудағы құмалақтарды өрістете білу немесе оң жақ отаулардан бастап ойнау;

б) жүрістерді есептеу.

Ойын күштеріне жауапкершілікпен қарау. Бұл принцип бойынша – ешбір мақсатсыз, жоспарсыз, ойламай өз жағындағы отаудағы құмалақтарды қарсыласына ұтқыза беруге және отаудағы құмалақтар санын азайтуға болмайды. Өз отауларындағы құмалақтар санын кеміту және ұтқыза беру оның күшін әлсіретеді, көбіне ол ойыншыны ұтылысқа әкеліп соқтырады. Сондықтан отаудағы құмалақтар санына ойынның басынан жауапты қарау керек.  «Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі мақсат бірінші жүрістен бастап-ақ қарсы жақтың жүрістерін тарылтып, дұрыс позицияға ие болу. Бұған жетудің басты шарттарының бірі – тақта үстінен жақсы орындар «жаулап» алу, яғни құмалақтардың ойнау күшін дұрыс өрістете білу немесе оң жақтан бастап ойнау. Есептеп отырып ойнау. «Тоғызқұмалақ» ойынында жүрісті есептеу жолы өте көп. Тек өз жүрісінің ғана мақсатын белгілеу, есептеу керек емес, қарсы жақтың да мақсатын біліп, жүрісін мұқият есептеп отыру керек. Бұл принципті сақтамаған жағдайда, яғни есептен жаңылу, жалығу және есептеуде қате жіберу ұтылысқа әкеліп соқтырады.

Ойынды есептеу жолдары

«Тоғызқұмалақ» ойынын үйрену онша қиын емес. Бірер ойнағаннан кейін жүрістерді жаттап алуға болады. Бірақ осы сәтте үйренуші бірнеше заңды сұрақтарға тап болады. «Қалай тез жүруге болады?» «Соңғы құмалақ қай отауға барып түсетінін тез арада қалай есептеуге болады?» т.с.с.Ойынның жүрісі құмалақтарды отау-отауға салып отыру болғандықтан қарт құмалақшылар отау мен құмалақтарды сұқ саусақтарымен санайды да отырады. Бұл әрі ойынның тездігін тежейді, әрі қателесіп кетуге ұрындырады. Міне, сондықтан ұсынып отырған жаңа әдісі тақтадағы қандай жағдайда да қай жүрісті жүруге болатынын көрсетіп беруге болады. «Тоғызқұмалақ» ойынының бір ерекшелігі әрі басқа ойындардан артықшылығы - әр отаудың номері мен оның ішінде жатқан құмалақтар саны сол отаудың шабуыл мүмкіншілігін, яғни соңғы құмалақтың дәл қай номелі отауға барып түсетіндігін көрсете алатындығы.  Сондықтан ойын барысында, қай отауға қанша құмалақ жиналса да соңғы құмалақ қарсыластың немесе өз жағының қай отауына барып түсетінін және қарсыласының немесе өз жағының қай отауына барып түсетінін және қарсыласыңның қай отаудағы құмалағы сенің ашық отауыңы қауіп төндіріп тұрғандығын қатесіз тез арада ойша есептеп біліп отыруға болады. Ойын барысында, отаудың шабуыл мүмкіншілігін тез арада білу үшін, мына төмендегі үш түрлі математикалық есептеу жолдарын қолдану қажет.

Ойын сағаты туралы

1. Ойын сағаты дегеніміз шектеулі мерзім ішінде жасалған тиесілі жүрістерді бақылауға арналған қос циферблатты сағаттар.

2. Жарыс барысында ойыншыларға төрешілердің рұқсатымен сапалы ойын сағаттарын таңдау артықшылығы беріледі.

3. Әр жарыстың ережесінде сол жарыста қолданылатын шектеулі мерзім өлшемдері белгіленеді.

4. Жарыс барысында әр ойыншыға тиесілі төмендегідей шектеулі уақыт мөлшерлері қолданылады:

а) 2 сағаттан беріледі;

б) 30 жүріске 1 сағат 30 минут және ойынды аяқтауға қосымша 30 минуттан беріледі;

в) 20 жүріске 1 сағат және ойынды аяқтауға қосымша 30 минуттан беріледі;

г) 1 сағат 30 минуттан беріледі;

д) 1 сағаттан беріледі;

е) өзге де мөлшерлер.

5. Төреші сағатты қостаушы ойыншының оң жағына қояды. Кезекті ойын басталғаны туралы хабарланғанда бастаушы ойыншылардың сағаттары іске қосылады.

6. Ойыншы кезекті ойын басталғаннан кейін қанша уақыт кешіксе, сол уақыт ойлануға берілген уақыт есебінен есептелінеді. Кезекті ойын басталғаннан кейін 30 минуттан аса кешігіп келген ойыншыға жеңіліс жарияланады.

7. Ойыншы тақта үстінде кезекті жүрісін жасағаннан кейін өзінің сағатын тоқтатып, қарсыласының сағатын іске қосуы тиіс. Сағатты саусақтың ұшымен ғана іске қосады, оны ұрып іске қосуға тиым салынады.

8. Ойыншы сағатты жүріс жасаған қолымен іске қосады.

9. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін жасамай, қарсыласының сағатын іске қоса алмайды.

10. Ойын барысында ақауы бар сағаттар алмастыруға жатады.

11. Егер ойын сағатсыз басталып, төреші сағатты кейінірек қоятын болса, онда бақылау сағатында қалған уақытты тең екі бөлікке бөліп қояды. Сағат ойын аяғына қарай қойылса, онда төреші екі ойыншыға да 15 минуттан кем уақыт қоймайды.

12. Сағат жалаушасын құлатып, қазанына 81-ден кем құмалақ жинаған ойыншы ұтылды деп есептелінеді.

13. Бақылау сағатындағы жалауша құлағаннан кейін төреші сағатты тоқтата тұрып, ойыншылардың тиесілі жүрістерді жасағандарын тексереді.

14. Ойын соңында екі ойыншының да жалаушалары бір уақытта құлап, кімнің жалаушасы бірінші құлағанын анықтау мүмкін болмаса, онда төреші екі ойыншыға қосымша 5 минуттан уақыт бере алады.

15. Ойыншы төрешіге өтініш білдіру үшін сағатты тоқтатуы мүмкін. Төреші ойыншының өтінішін негізсіз деп тапса, онда сағатты тоқтатқан ойыншыға жаза түрі қолданылады.

16. Ойыншы тиісті жүрістерді белгіленген уақыт мөлшеріне жеткізбей жасаса, онда қалған уақыт мөлшері ойыншының келесі жүрістер жасау үшін қажет уақыт қорына қосылады.

17. Ойыншыға ойын уақытының аяқталуына 5 минут қалғанда жазу бланкасын толтырмауға рұқсат беріледі қатардағы төреші жасаған жүрістерін қадағалайды. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін қарсыласы сағат тілін басқаннан кейін ғана жасайды.

18. Егер ойын барысында сағат төрешінің қателігінен тоқтатылса, онда ойын ары қарай жалғастырылады.

19. Жарыс төрешілері жарыс барысында туындаған кез-келген даулы мәселелерді мүмкіндігінше бейбіт жолмен шешуге ұмтылғандары абзал.

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст