«Жыл отбасы» мектепішілік сырттай конкурсы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Мақсаты: Отбасы институтын нығайту,балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Конкурсқа мектебіміздің 5 отбасы қатысты. Әр отбасы конкурс ережесі бойынша 10 минуттан аспайтын отбасының құрылу тарихы, отбасы құрамы, оның жетістіктері, отбасылық құндылықтары мен дәстүрлері, қайырымдылық қызметі туралы ақпарат көрсетті.
Конкурстың екінші кезеңінде «Бақытты отбасы: отбасылық қуаныш, махаббат, нәзіктік, қамқорлық» тақырыбында менің отбасымның фотоколлажы немесе альбомын дайындау тапсырмасы берілді.
Конкурстың қорытындысы бойынша Жақсыбаевтар отбасы І орынды, ІІ орын Қуанышбаевтар отбасы, Тулегеновтар отбасы ІІІ орынды иеленсе, Сейдахметовтар «Ұйымшыл отбасы» номинациясына, Жанабергеновтер «Өнегелі отбасы» номинациясымен марапатталды. Конкурсқа қатысып, белсенділік танытқан ата-аналарымызға ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз.