Текст
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітетін бұйрыққа қол қойды. Ережеге сәйкес оқушыдан сабақтарды орындауды фото және бейне растауды талап етуге тыйым салынады, ал мұғалімдер мектеп есептерінен босатылады.
Құжатта бөлім (БЖБ) және тоқсан (ТЖБ) үшін жиынтық бағалау қашан және қанша рет жүргізілетіні сипатталған. Қорытынды аттестаттау туралы бұйрықта сөз жоқ.