Жақсы №1 орта мектебінде 0"а" мектепалды даярлық тобында Алтын күз мерекесіне орай "Аяулы күз, алтын күз" атты мерекелік іс-шара өтті.
Алтын күз
Күз – бұл ғажайып мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл – күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бір күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан балалар қуанады. Бұл күні жалғыз балалар ғана қуанып қоймай, үлкендер де қуанады. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз.
Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Күзде күн суытып, барлық жан – жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді.
Күздің байлығы – бақшамызда пісіп жетілген көкөністер мен жемістер, малдың әбден семірген кезі. Сонымен қатар күз кезінде қызу жұмыс, қысқа қамданады. Сол себепті әр адам күздің ашық күнін пайдаланып, астығымызды жинауға кіріседі.
Күзіміз неткен керемет. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.
Топ тәрбиешісі: Қазымбек Қ.С.