Текст
26.10.2020
Қазіргі уақытта экологиялық білім әлемде де, біздің республикамызда да ерекше маңызға ие. Біздің Жақсы №1 орта мектебінде оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру басты мақсат болып отыр. Оқушыларды қоқыстарды сұрыптау жүйесін, өзінің қоршаған ортасын аялай білуге үйтеру барысында мектептің алдында арнайы қоқыс салатын жәшіктер қойылды. Қоқысты сұрыптау қоршаған ортаны қорғаудың басты мәселесі екендігі оқушыларға түсіндірілді.