19.10.2020
Ағымдағы жылдың 17.10. күні Рухани келісім күніне орай 10-сыныпта "Рухани байлық - игілік көзі, өмір талабы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты ZOOM платформасында сынып жетекшісі Карабаева У.У ұйымдастыруымен өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: рухани адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыру;
ұлтаралық достық қарым - қатынасты, қоғамада тұрақтылықты сақтауға тәрбиелеу; оқушылардың өз туған жеріне, Отанына деген отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.Сынып сағатында еліміздегі Тәуелсіздік алған жылдардан бергі бейбітшілікті нығайту және аймақта тұрақтылық орнатуға қатысты басқа елдермен бірігіп жүргізілген жұмыстар, мемлекеттік маңызды іс - шаралар туралы және достық қарым - қатынастағы бейбіт өмір туралы айтылды. Сынып оқушылары еліміздегі татулық, бейбітшілік туралы өз ойларымен бөлісті.