«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Балдәурен — 2020: мүмкіндіктер уақыты» медиафорумы аясында 13 ауысымның жабылу салтанаты өтті.
Ауысым 20 күнге созылды. Бұл ауысымға БАҚ көшбасшылары, жас фотографтар, блоггерлер,вайнерлер, бейнеоператорлар, дизайнерлер, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары, әншілер мен бишілер жиналды.
Ауысымның жабылу салтанатында «Балдәурен» РОСО әкімшілігі атынан ауысым белсенділері арнайы грамоталармен марапатталды.
Жас қазақстандық Патриоттар Академиясына 7 бала қабылданып, олардың барлығына салтанатты түрде «Жас патриот» куәліктері табыс етілді. Оның ішінде Жақсы №1 орта мектебінің оқушысы Қазымбек Улан.
Бұл 20 күндік медиафорум әрине, барлық балдәурендіктердің жадында ұзақ сақталатыны сөзсіз, өйткені ауысым барысында өткізілген әрбір іс-шара жас балдәурендіктердің зияткерлік, шығармашылық, спорттық қабілеттерін дамытып қана қоймай, оны жүзеге асыруына да септігін тигізеді.Бұдан әрі тек шығармашылық жағынан да емес оқу қаблеттерін де арттыра келді.