Тіл мәртебесі - ел мәртебесі
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін де емес.
Сан ғасырлар бойы атадан балаға мұра боп қалған, жастайымыздан бойымызға дарығын, құнды жәдігеріміз - қазақ тілі жайлы сөз ете кетейік. Мемлекеттік тіліміз барған сайын қолданысқа ие болып, қоғамды қарым - қатынас тіліне айналып кетті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Келешек- 2030" атты Стратегиясында
. "Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылайша, тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстырып ең басты құндылығымыз - туған тіліміздің мерейін үстеме ете түседі" "Қазақ тілі мұншалықты жатуқ әрі анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе".
Тілге қатысты мемлекетіміздің айтулы жобасының бірі "Үштілдік" бағдарламасы. Үштілдік - бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардын бірі деген сөз бар. Осы жерде де, үштілдікпен келіспейтіндер де бар. Бірақ менің ойымша, үш тіл заман талабы және біз үшін керісін тигізбесі анық. Осы бағдарламаның аясында екі жол бар, біреуі барлық тілдер жетік меңгеру немесе бір тілге әуестеніп, қалған екі тілге немқұрайлықпен қарау. Осыдан шешім шығарайық, ең бастысы ана тілімізді меңгерейік, ал қалған екі тілдің де маңыздылығы кем болмаса да, артық еместігі бізге белгілі.
Ойымды тұжырымдай келе, әр ұлттын өзіннің еліне, жеріне және тарихына деген махаббаты ерекше емес пе? Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетіе, ұлттық салт дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Тілді қаншалықты бағалап құрметтесек, соншалықты еліміздің еңсесі биік болады.
9- сынып оқушысы Қожахметова Айгерім