Текст
Мектебіміздің «5- сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» тақырыбында қашықтықтан ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 5-сынып оқушыларының ата-аналары, мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері қатысты.
Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Өйткені, олардың пән мұғалімдері өзгерді, жаңа пәндер қосылды,5-сынып бағдарламасы күрделене түсті. Сонымен қатар «OnlineMektep.org» платформасын қолдану және аталған мәселелер бойынша оқушылар және ата-аналармен әңгіме жүргізілді. Сынып жетекшісі: Кантарбаева А.С.