"Бақыт отбасынан басталады" атты республикалық байқауында Жақсыбаевтың отбасы 1 орынға ие болды
отбасы номинациясында марапатталды Калашиновтар отбасы. Құттықтаймыз!
«Бақыт отбасынан басталады» атты республикалық видео
интернет-жобасының нәтижесі туралы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ағымдағы жылдың сәуір айында басталған «Бақыт отбасынан басталады» атты республикалық видео интернет-жобасын (бұдан әрі – Конкурс) қорытындылады.
📌 Конкурс YouTube арнасында «Бақыт отбасынан басталады - Счастье рождается в семье» атауымен өткізілді.
📌 Осы уақыт ішінде қазақстандық отбасылардан 5000-нан астам бейнеролик келіп түсті. Арнада жалпы саны 1 700-ден астам конкурстық видео орналастырылған.
📌 Қазіргі уақытта жазылушылар саны 16,5 мың жазылушыға дейін өсті және 413 491 қаралым санын құрап отыр.
📌 Конкурс 2 кезең бойынша өтті. Бірінші номинация бойынша:
- «Менің отбасым – еріктілердің тату отбасы»
- «Менің отбасым шығармашылық және өнер әлемінде»
- «Менің отбасым – көптілді отбасы»
- «Менің отбасымда-спорт пен ұлттық ойындардың мәдениеті»
- «Біздің отбасымызда барлығы шебер»
- «Менің отбасым кітаптар әлемінде»
- «Менің отбасымның ән ұраны, таңбасы, салт-дәстүрлері және жәдігерлері»
📌 Екінші кезеңнің тақырыбы - «Болашақтың Қазақстаны».
📌 Келіп түскен бейне роликтердің көптігіне байланысты ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлер санын көбейту туралы шешім қабылдады.
📝 Конкурстың нәтижелері:
- жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны - 15 отбасы,
- белсенді қатысушылар саны - 14 отбасы,
- номинанттар саны - 90 отбасы.
Жеңімпаздар, жүлдегерлер, белсенді қатысушылар мен номинанттар дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.
📌 Конкурстың қорытындысы қатысушы отбасылардың екі кезеңінің бейне көрсетілімдері мен «Ұнайды» саны бойынша шығарылды.✅