Текст
Бастауыш сыныптар арасында "Мерейлі отбасы" мектепішілік байқауы өтті.
Мақсаты:
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Байқау нәтижесі:
«Үлгілі отбасы» номинациясы бойынша Хаусыловтар отбасы марапатталды.
«Мерейлі отбасы» номинациясы бойынша Ашмухатовтар отбасы марапатталды.
«Ғажайып отбасы» номинациясы бойынша Шыныбековтар отбасы марапатталды.