"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

03.09.2020
  •   Елбасының әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады.
    Елбасы Жолдауы негізгі бағдарламалық құжат ретінде еліміздің даму келешегіне бағыт-бағдар беріп, барша Қазақстан жұртын ел келешегінің дамуына жұмылдыруға бағытталған.
    Елбасы коронавируспен күресте бар күш - жігерін аямаған дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және басқа да бей-жай қарамаған барлық азаматтарға шын жүректен алғысын білдірді.
    Бүгінде экономикалық даму әлемдік деңгейдегі бәсеке болғандықтан, біздің мемлекетімізде де экономикалық даму мәселесі бірінші орында тұр. Ол үшін ғылымға ерекше көңіл бөліну керек. Әлемдік деңгейде дамыған барлық мемлекетте де әуелі ғылым алға озады. Елбасы биылғы Жолдауында ғылымға көңіл бөлу керектігі туралы да айтты. Мектепке дейінгі білім беруді толық қамтып, сапасын түбегейлі жақсарту туралы мақсаты да келешектің адамы кемел білімнің иесі болу керектігін білдіреді. Ғылым саласын дамытуда «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1 мың грант бөлуді тапсырды.
    Азаматтардың сауаттылық деңгейі мен олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырғаны қуантарлық жағдай. Бұл құжатта бейресми білімнің баламалы нұсқаларын белсенді енгізуді, өзіндік оқудың нәтижесін мойындауды, кәсіби дағдыларды серфикаттауды қарастыру керек.
    Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Елбасы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдаған болатын. Осы орайда Мемлекет басшысы жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін айтты. 
    Елбасымыздың елімізді жауапкершілікке шақыра отырып, жаңа бастама — нұрлы жолымызды қуаттандырғаны мемлекетімізді баянды белестерге бастайды деп сенеміз.

 

Просмотров: 206


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст