Қазақстан Республикасы 1994 жылдың 8 маусымында бала туралы конвенцияға қол қойды. UNICEF бала құқықтары туралы конвенция талаптарын орындайтын өмір,денсаулық балалар құқығы үшін президентін халықаралық мекеме.
Дүние жүзілік балалар қорғау конвенция құқықтары.
1. Әрбір бала нәсіліне,терісінің түсіне, жынысына, дініне және әлеуметтік жағдайына қарамастан, осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарға ие болады және баланы кемсітуге жол берілмеуі тиіс.
2.Әрбір баланың өмір сүруге құқы бар.
3. Әрбір бала дүниеге келгеннен бастап есім және азаматтық алуға, сонымен қатар өз ата- анасының кім екенің білуге және оларды ата-анасы деп есептеуге құқылы.
4.Балалардың мүддесін қорғау қажет болған жағдайдан басқа уақытта, бала өз ата-анасынан айырылмауы тиіс.
5. Егер өзге адамдарға зиянын тигізбесе және мемлекеттік қауәпсіздік пен қоғамдық тәртіпті бұзбаса, бала өз ойын еркін айтуға, ақпарат алып,таратуға құқылы.
6. Әрбір баланың жеке өмірі болуы тиіс. Баланың ар-намысына нұсқау келтіру, оның рұқсаынсыз үйіне кіруге, оның жеке хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.
7. Әрбір баланың ақпарат алу мүмкіндігі болуы тиіс.
8. Әрбір бала өз денсаулығын күтуге: медициналық көмек алуға, таза су ішуге, толыққанды тамақтануға құқылы.
9. Мемлекет қамқорлықтағы баланың тұрмыс жағдайын әрдайым тексеріп тұруы тиіс.
10. Балаөзінің физикалық, ақыл-ой, рухани және адамгершілік дамуына қажетті өмір деңгейіне ие болуға құқылы.
11. Әрбір бала білім алуға құқылы. Мемлекет балалардың мектепке үзбей барып тұруын қадағалау тиіс.
12. Әрбір бала демалуға, ойнауға және мәдени, шығармашылық өмірге қатысуға құқылы.
13. Мемлекет баланы қауіпті, зиянды және әлі келмейтін жұмыстан қорғау тиіс.
14. Мемлекет баланы зиян келтіретін кез келген әрекеттен қорғауға міндетті.
15. Мемлекет 15 жасқа дейінгі балалардың әскерге баруына және соғыс қимылдарына тікелей қатысуына жол бермеу тиіс.
16. Заң бұзды деп айыпталған әрбір бала негізіне кепілдіктерге ие болуға, құқықтық және басқа да көмек түрлерін алуға құқылы.
17. Егер белгілі бір мемлекеттің заңы бала құқығын осы Конвенциядан да артық қорғайтын болса, онда сол елдің заңы қолданылуы тиіс.