2024 жылдың 22 наурызында аяулы ана, асыл әже, ардақты ұстаз Ибадуллина Гульнар Есмухановнаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты «Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ұжымы қайғырып көңіл айтады.
Бұл фәниден бақилыққа, мәңгі сапарына аттануына байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Топырағы торқа, иманы саламат, арты қайырлы болғай. Сүрмеген жасын, көрмеген қызығын артында қалған бала-немерелеріне көруді Алла нәсіп етсін. Гульнар апайдың жарқын бейнесі мен бала тәрбиесіне сіңірген еңбегі жадымызда, жүректерімізде мәңгілік есте қалады. Гульнар Есмухановна біздер үшін тек әріптес қана емес. Ол - адал, үлгілі ана, бақытты әже, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азаматша еді. Алла оның жанына тыныштық беріп, жәннатта етсін! Білім саласына, оның ішінде Жақсы №1 жалпы орта білім беретін мектебіне білікті-білімді еңбегімен қызмет еткен, мектебімізге сіңірген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады!
Ұстаз жүректерге гүл еккен,
Адалдықты көкіректе түлеткен,
Сіздің биік рухыңызға бас иіп
Еске аламыз сағынышты жүрекпен.