"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Өткенге хат" жазған 11-сынып оқушысы Қыдырбек Аружан

23.04.2020

Өткенге хат.
Ел үшін жанын қиған батырлардың, өзегін өкініш өртеген жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің тірегі болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы сәттерімен есте қалды. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толып отыр. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтын сияқты соғыстың қасіреті де ұмытыла қоймады. Қаншама қазақстандықтар соның ішінде менің ауылымның ардагерлері де ұрыс даласында мерт болды. Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан жыл санап алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып келеді. Бірақ ешкім ештеңені де ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз. Сондықтан бұл жазып отырған хатымды барлық соғысқа қатысқан ардагерлерімізге арнағым келеді. Өйткені, осы ержүрек жауынгер аталарымыздың бірі тірі қалғаны, бірі қалмағаны белгісіз. Олар туралы бүгінгі күні біз әлі хабарсызбын. "Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды". Менің ойымша, Ұлы Отан соғысының оқиғалары, майдан жауынгерлерінің ерліктері мен тылдағы еңбек адамдарының даңқты істері қазіргі кезде тілге тиек, әңгімеге арқау болуы тиіс. Батыр жерлестеріміздің өмірі мен жеңістерін үлгі ете отырып, әскери азаматтыққа тәрбиеленуіміз керек. Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберте білуіміз керек.
11 сынып оқушысы Қыдырбек Аружан

 

Просмотров: 301


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст