Текст
2023 жылғы 11 желтоқсан күні Жақсы ауданды бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында ұлттық өнерді (балалар музыкалық аспаптары, би, әндер, өлеңдер, қолөнер) меңгерген мектеп жасына дейінгі барлық этностағы балалардың қатысуымен «Өнеріміз саған - Қазақстан!» атты фестивалінің аудандық кезеңі қашықтықтан өтті.
Фестивальға мектепке дейінгі ұйымдардың ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық топтары қатысты.
Фестиваль қорытындысы бойынша: «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушісі Жақсылық Әдия ІІ- орын , «Үздік мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушісі Жомартұлы Рамазан IІ-орын.