«Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Эстафеталық ойындар
(7-8 сыныптар)
Өткізген: Абильжанов Ж.Ж
2023 жыл
Іс- шара тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың» эстафеталық ойындар
Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Доп,кедергілер,секірме, шығыршық.
Эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!
Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болайық.
1. __________________________________________________________
2.___________________________________________________________
3.___________________________________________________________
4.___________________________________________________________
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Іс-шара барысы:
1. Таныстыру кезеңі. (топтың атын ұранын таныстыру ) (5 ұпаймен бағаланады)
2.« Допты кедергілер арасымен жерге соғып себетке салу»
Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты кедергілерден өту арқылы ұрып барып,қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып,бірінші келген команда жеңімпаз болады.
3. «Шығыршықпен кедергілер арасымен жүгіріп барып есеп шығару»
Ойынның шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша шығыршықпен кедергілер арасымен өтіп есеп шығарады. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
4.«Асық ату»
Төрешінің белгісі арқылы тізіліп тұрған асықты сақамен атып сызықтан шығарады. Көп асық атып шығарған команда жеңіске жетеді.
5. «Секіргішпен кедергілер арасымен секіру»
Ойынның шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді. ( Скакалкамен секіру).
6. «Кім білгір» сайысы .Ойынның шарты: Мұғалім спорт және спортшылар жайлы сұрақ қояды, қайсы топ дұрыс жауап береді сол команда ұпай санын алады.
7. «Арқан тартыс» Команда болып арқан тартысады.
Қорытынды сөз әділқазы алқасына беріледі. Марапаттау рәсімі.
Жүлделеріңіз құтты болсын!