"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Акробатикалық элементтер ашық сабақ

24.11.2023

Бөлім:

3-бөлім. Акробатикалық элементтер

Педагогтің аты-жөні

Шапиев Риза Рамазанович

Күні:

17.11.2023

Сынып:

3 «А»

Сабақтың тақырыбы

Спорттық құрылғылармен және құрылғыларсыз орындалатын жаттығулар

Оқу мақсаттары

3.1.2.1 – Акробатикалық және гимнастикалық дамуға ықпал ететін қозғалыс әрекеттерін көрсету

Сабақтың мақсатың

 

Акробатикалық және гимнастикалық дамуға ықпал ететін жаттығуларды қолданып жасай алады

Бағалау критерийі

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын ретімен орындайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: әріптeстік және топтық гимнастикалық тапсырмаларды, сондай-ақ композициялық қозғалыс әрекеттерін сипаттай және талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: орын ауыстыру, тепе-теңдік, айналу, алға аударылып түсу, артқа аударылып түсу, домалау; кең адым, отырып секіру және 360 градусқа бұрылып ыршып түсу, домалау, снарядтар, көтеру, алып жүру, қою, байланыс, реттілік, вариациялар, топ қалыптастыру, міндет, қауіп-қатер, қауіпсіздік.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Бастапқы білім

Спорттық құрылғылардың және құрылғыларсыз орындалатын жаттығулар

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың 

басы

Ұйымдасты

ру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин

Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылар қатарға тұрады. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын тыңдайды. Орта және ұзақ қашықтықтарға жүгіреді. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындайды

 

«Қолмен белгі беру»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ауызша бағалау» әдісі

 

 

 

Дескриптор

- қолын тіреп отырып, тізесін кеудеге жинақтайды;

- гимнастикалық төсенішке жатып, аяғын кеудесіне жинақтайды;

- алақанын бір-біріне қарама-қарсы бағытта ұстап, тез отырып топтастырады;

- гимнастикалық төсенішке жатып, тез арада отырып топтастырады;

- гимнастика жаттығуларын ретімен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ысқырық

 

 

 

 

 

 

Ысқырық, мат

Сабақтың

ортасы

30 минут

 Матта акробатикалық жаттығулар жасату, үйрету.  Негізгі тұрыс.  1-2 дегенде - қарынға жатып иекпен бүгілген қолдарға таяну және аяқты бүгу. 3, 4, 5,6 - дегенде аяқпен ауада сермеу.  7-8 дегенде арқаға аударылу.  1-2 қатарға тұрып , 20 м жердегі матқа жүгіріп барып, қолды матқа қойып 1-2 дегенде алға, 3-4 дегенде арқа айналып жүгіріп барып сапқа тұру. жақсы аударылып түсуді көрсететін оқушылар оларды барлығына көрсетеді. Дене бөліктеріне және бұлшық еттерге назар аударып, барлық сыныппен бірге орындату.  Жұмыс барысында оқушыларға сұрақ қою. Сұрақ: «Бірқалыпты» нені білдіреді? Біз бір қозғалыстан екіншісіне бірқалыпты өтуді қалай орындай аламыз?

 (бір уақытта бірдей жұмыс істеу, бірінен соң бірі жұмыс істеу).

 

 

 

Акробатикалық жаттығуларды орындайды.

Жұптарда бірге жұмыс істейді және маттардағы аударылып түсулерді бір уақытта және бірізді үйлестіру мүмкіндігін қарастырады. Содан кейін олар аударылып түсуді маттарда қарама-қарсы орындау мүмкіндігін қарастырады. Олар 2-3 идеяны біріктіреді және аударылып түсулердің қысқа реттілігін орындауды. Жұптарда немесе топтарда 5-7 акробатикалық элементтен қарапайым кешен құру: алға аударылып түсу, артқа аударылып түсу, домалау; кең адым/аюдың аударылып түсуі, отырып секіру және 360 градусқа бұрылып ыршып түсу, домалау. Аударылып түсулерді бір-бірімен бірге орындайды (мысалы, аударылып түсуді орындау кезінде қолдан ұстау және басына бас қойып жату).

Сабақтың

соңы

7 минут

Кері байланыс

«3 жәшік»

Өз деңгейлерін анықтайды.

 «3 жәшік» әдісі арқылы кері байланыс жасайды

Жәшік, доп

Үй тапсырмасы

Жалпы дене дамыту және бой жазу жаттығуларын қайталау

 

 

 

 

 

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст