Текст
Жақсы ауылының 1 жалпы орта білім беретін мектебінде
Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарына сәйкес дене шынықтыру және АӘД пәндерінің онкүндігінің ашылуына орай мектебімізде шахмат бұрышы ашылды.
Шахмат ой-сананың белсенділігін қалайтындықтан, бұл ойын кез-келген адамды тереңге жетелеп, сананы тапқырлыққа баулиды. Ой және сананың үйлесімді дамуы, уақытты ұтымды пайдалану, шешім таба білу т.т. сияқты адамға өте қажет қасиеттерді бала санасына орнықтырады.
Шахмат бұрышы оқушыларымыздың ой өрісін кеңейтуіне жол ашады деген үміттеміз.