Текст
«Еңбек күні» қарсаңында Жақсы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде техникалық қызметкерлер, төтенше жағдайлар және аудандық БАҚ өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиын барысында төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Дмитриев А.В. облыс және аудан бойынша статистикалық мәліметтер туралы ақпарат берді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Қайрмденов Ж.Ж. білім беру ұйымдардың қызметкерлерінің жұмысын атап өтті. Шараның салтанатты бөлімінде ғылым және білім қызметкерлерінің облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымының алғыс хаттары табыс етілді. Біздің мектебіміздің қызметкері Джакупова Жанар Нургамиденовна Құрмет грамотасымен марапатталды.
#кәсіподақұйымы