Текст
Мектеп оқушыларының ғылыми ізденіске қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ғылыми зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға қалыптастыру мақсатында «Жас ғалым» атты дәстүрлі мектепішілік ғылыми-практикалық конференция болып өтті.Конференцияда мектеп бойынша 15 жұмыс қорғалып, қазылар тарапынан әділ бағасын алып,ұсыныс,пікірлерін тыңдады.Оқушылардың ғылыми жұмыстарына қазылық жасаған ұстаздар ғылым әлеміне жасаған қадамдарына сәттілік тілеп,өздерінің ақыл кеңестерін де айтып өтті.Қазылар алқасының шешімімен 1,2,3 орынға ие болған оқушылардың зерттеу жұмыстары аудандық ғылыми жобалар сайысының іріктеу кезеңіне жолдама алды.Жауапты: Кенжебаева А.К..