"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепалды "Балдәурен" лагерінің "Шұғыла" ауысымының ашылу салтанаты

21.06.2023

«Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
5-6 сынып оқушылары арасында 2023 жылғы жазғы демалыс кезінде оқушылардың демалысын 
ұйымдастыру бойынша мектепалды "Балдәурен" лагерінің "Шұғыла" ауысымының ашылу салтанаты өткізілді. 

Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, жазғы демалыстарын қызықты етіп өткізу, топта жұмыс жасауға үйрету. Жауапты: Аманжол Ә.Б,Адильшинова А.К, Бикаева Л.Р

Тақырыбы:«Біз бақытты баламыз» атты  мектеп

жанындағы «Балдәурен» лагерінің «Шұғыла» ауысымының   ашылу салтанаты

 Мақсаты: Балаларға мерекелік  көңіл-күй  сыйлай  отырып,  ойындар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа  тәрбиелеу.Олардың бір-біріне  деген  достық  қарым-қатынастарын  нығайту  және  салауатты  өмір салтын  қалыптастыруға  насихаттау.

Көрнекілігі:әр түрлі жалаушалар ,шарлар

 

Жүргізуші:

Баршамызды бал тілімен баурайтын

Бала деген бар бақыт қой самғайтын.

 Ата – ананың арманы мен тілегін

 Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын деп арнайы бүлдіршіндер үшін ашылғалы отырған демалыс лагеріміздің ашылу салтанатына қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

Мектебіміздегі балалардың денсаулығын нығайту,жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында бүгін «Балдәурен» демалыс лагері балаларға өз есігін ашады. Тілі балдай бүлдіршіндер! Жігерлі ұлдар! Әсем жанды,айдай сұлу қыздар! Сендерді «Балдәурен» демалыс лагерінің ашылуымен құттықтай  отырып, бүгінгі демалыс лагерін ашу үшін сөз мектеп директорына беріледі.

Жүргізуші:

Шаттан,күл,балақай!

 Қуанатын күн бүгін!

 Қайырлы таң!

 Қайырлы күн!

 Күліп шықты күн бүгін!

 «Достық,өзара көмек,тәртіп,спорт,қуаныш»сендерді осы сөздерді естеріне сақтап алып,лагерде дәл осыларды ұстанып жүрулеріңізді сұраймыз. Ортаға 6 а сынып оқушысы Базарбекова Дильдараның орындауындағы керемет ән шашуға кезек береміз.

Жүргізуші:

Біз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.
Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.
Жүгіреміз, секіреміз жарысып,
Ән саламыз, би билейміз майысып.

Ортаға өлең жолдарымен бір топ бүлдіршіндерді шақырамыз 

Нұрдәулет:

Бала, бала, баламыз
Лагерге біз  барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.

1 оқушы:
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апайларды сыйлаймын

2 ОҚУШЫ
Мектебімнің ауласында бүгін той!
Лагердің ашылу  күні біліп қой
Алақай - ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.

3 оқушы. Расул
Гүлмен келсін келер күн
Бала - бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.

4- оқушы
Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.

5-оқушы:

Думан сауық, ән, күйменен,
Біз лагерьге барамыз.
Асыл жібек гүл үстінде,
Аунап ойнақ саламыз.

Жүргізуші:

Ортаға тик ток биі- 6 ә сынып оқушыларын шақырамыз.

Жүргізуші:

Кезекті керемет әнге береміз.Ортада Ақсүйін Айдана

Жүргізуші:

Мереке бүгін, береке бүгін

Қуанып шалқып тасыған

От боп жүр жастар,

Шоқ боп жүр жастар

Көңіл жоқ шешек атпаған.

Жүргізуші:

Мен суретші боламын,

 Бәріңді де саламын.

 Марапатқа ие болып,

Бірінші орын аламын.-деп бүлдіршіндеріміз сурет салып,бақтарын сынасын.Салатын суретіміздің тақырыбы - бақытты балалық шақ.

Жүргізуші:

 Сүйкімділер, періштелер, Сендерсіндер,

Қандай бейне өздеріне тең келсін!

Данышпанда, ғарышкерде, Ғалымда

Ең алдымен балалықты менгерсің.

Жүргізуші:

Ия, рас, бала болған бәріде,

 Салған олар балалықтын әнінде

Бала кезді еске алып отырсақ

Сол емеспе тіршіліктің мәңіде.

Спорттық жарыстар

Жүргізуші:

Осымен лагерьдің ашылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті. Демалыс күндеріңіздің көңілді де, қызықты болып өтуіне атсалысып, жақсы демалуларыңызға тілектеспіз.
 

Просмотров: 192


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст