Тақырыбы: «Қош бол,Балдәурен!» лагерінің жабылу салтанаты
Мақсаты: Мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жұмысын қорытындылау
Балаларға қызықты ойындар ойнатып, әндер сыйлау арқылы қуаныш сыйлау.
Жүргізуші:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда, - деп Міржақып ақын жырлағандай, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Қош бол, Балдәурен!» атты лагеріміздің жабылу салтанатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметпен шақырайық,
«Балдәурен» лагерінің «Досытық» ауысымының шәкірттерін өлең шумақтарымен қарсы алыңыздар.
Алина:
Лагерьге барып, демалдық,
Күліп-ойнап, ән салдық.
Қоштасар міне сәт келді,
Ұмытпаймын мен лагерьді
Жансулу:
Ең алғаш лагерьге келгенде
Асыр салып ойнап күлгенде
Бітпестей болған бұл уақыт
Қалды міне енді өткенде
Эльмира:
Балдаурен сүйікті лагерім
Достарым енді көп менің
Би билеген секіріп
Енді бұл күн естелік
Айару:
Лагерьге міне келгелі,
Уақытым менің тез өтті.
Жаңа дос пен ұстаздар,
Қоштасқым да келмейді.
Дилара:
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй – деп Нұрай қыздарыңызды «Мереке» әнімен қарсы алыңыздар!
үнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық-нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін,
Арулар келді міне, толқып, тасып – келесі кезекте Айару мен Нұрай қыздарыңызды «Қазақ биімен» қарсы алыңыздар
Жүргізуші:
Достық нешеу?
- Достық екеу.
- Біреуі адал достық.
Екіншісі амал достық.
Адал достық - өмірлік нұсқа болады,
Амал достық өрісі қысқа болады- демекші келесі кезекте «Гравити Фолз» әнімен Дилара қыздарыңызды қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Ойын: «Сөз тапқыш»
Шарты: қойылған сұраққа әр бала өз әріпінен басталатын сөз айтуы керек.
Жүргізуші:
Бар бала сүйеді,
«Айгөлек» - досым деп.
Үлгі еттің жақсыны,
«Қатарға қосыл» деп.
Екінші бөлім мадақтау бөліміне кезек береміз
Бүгінгі «Қош бол, Балдәурен»лагерінің жабылу салтанатты іс-шараны аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Лагерь жүргізушілері: Бозай Б.С Мұханбетжан Г.А Жоламанова А.М