"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балдәурен "лагерінің"Достық" ауысымының"Айгөлек" балалар ән-би байқауы

16.06.2023

«АЙГӨЛЕК» балалар ән-би байқауы

Байқаудың мақсаты: оқушылар арасынан ән-би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау, оқушыларды өнерге баулу, сахна мәдениетін үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру.

Жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, құрбы — құрдас,
Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.

 

Жүргізуші:
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар, жадыраған жас достар.
Бүгінгі «Айгөлек» балалар ән-би байқауына қош келдіңіздер.

 

Жүргізуші:
Осы кезеңге 7 әншіміз, 2 бишілер тобы жолдама алған болатын, соларға жолдарыңыз ақ болсын демекпіз.

Әділ қазы алқалары ағылшын пәнінің мұғалімі Айжан апай , физика және информатика пәнінің мұғалімі Алия апай.  Ал енді кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:
Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы – мұң. Әсем әуезді ән – адам өмірінің тамаша бейнесі.

Сонымен алдарыңызда   _______________________________ әнімен. Қошеметтеп қарсы алайық.

Енді ____________ ұпай сандарын білсек:
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таңшолпанмен астасқан –  дей келе 2 номерде өнер көрсететін ____________________ ____________________ әнімен.

Енді ____________________ ұпай сандарын білсек:

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, — деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті алдарыңызда ______________________________________________ әнімен.

Енді ___________________________ ұпай сандарын білсек:
Жүргізуші:
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір — бірлеп,
Әнде шырқап, би билеп.
Халық айтса біледі,
Талаптыға нұр жауар,
Өнерлі өрге жүзер,
Талаптылар құрқалма! — деп, _____________________________________ әнін шырқайды.

Ендi _____________________ ұпай сандарын білсек:

Жүргізуші:

Әннің әсері де әрқилы. Тәтті әуеннің әрбір ырғағында ұялаған терең мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады да оның жан дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай әлдилеп оятады. Ендеше келесі кезекті ____________________________________ әнімен.

Енді ________________________ ұпай сандарын білсек:

Уа, жараңдар, жараңдар.
Бәрің бермен қараңдар.
Бишілер  кеп  қалыпты,
Бір сәт зейін салайық – деп келесі кезегімізді ________________________ береміз. Қошеметтеп қарсы алайық!

Енді біздің _______________________  ұпай сандарын білсек

Жүргізуші:

Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым – деп келесі кезекті  _______________________ қыздарын шақырайық .

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ
Ел намысын қорғамақ,

 

_____________________________ әнімен.

Енді __________________ ұпай сандарын білсек

Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,

Өнер деген мол қазына, кең екен.

Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын

Өнерсіз қазақ кем де кем.- деп  _______________________________________ әнімен  қарсы алайық.

Енді _______________________ ұпай сандарын

Жүргізуші: Қуанып жасымыз да, кәріміз де,
Билейміз көңілді би  бәрімізде.
_______________ бишілері ортамызда
Халқына ән арнайды шапалақта-дей келе  ____________________________ мың бұралған биші қыздарын шақырайық.

Енді биші қыздарымыздың  ұпай сандарын білсек

Жүргізуші:
Осымен «Айгөлек» ән-би байқауы  өз мәресіне жетті.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл – қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз.
Сын — шын, бағалау әділетті болсын! Жеңіске жеткен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Көріскенше күн жақсы болсын!!! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Қош сау болыңыздар!

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст