Тақырыбы: Оқуға құштар мектеп
Мақсаты: Ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы балаларды тапқырлыққа, мейрімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Құрметті балдырғандар, шеңбер болып тұрайық.
Аспанда күн ыстық
Ал жерде кім ыстық?
Әке мен шешеміз
Бәрінен тым ыстық
Жасаған туыстық
Достық пен тыныштық!
Қонаққа ертегілер елінен қоржынын арқалап Алдар көсе келеді.
Алдар Көсе және мақтаншақ бай (қазақ ертегілерінен)
Дилара:Дастархан басында қымыз ішіп отырған (жас, кәрі, шал т. б.) Алдар Көсені мақтап отырады. Ол сөздер қисайып жатқан қызғаншақ байдың ұйқысын бұзып, Алдар көсені мақтаған сайын дөңбекшіп жатады.
Назерке:Елде Алдар Көседей ақылды адам жоқ қой.
Алина:Алдар Көсені ешкім жеңе алмайды десейші.
Аяла:Иә, Алдар Көседей тапқыр кемде кем ғой.
Мақтаншақ бай: (күйініп, атып тұрып, әрі - бері теңселіп)
Мирас:Алдар Көсе, Алдар Көсе деп қоймайсыңдар. Кездеспей жүр ғой ол маған! Аяғын аспаннан келтірер ем! (күпініп)
Дилара:Бесті қымызға мас болған жігіт
Эльмира: Ой, байеке, мақтанбаңыз! Алдарды жеңемін деп айтпаңыз, қалай түсіп қалғанын сезбейді жұрт - ол бұғып жатқан қақпан.
Кемпір: (іле - шала)
Айша:Өздігінен тиіспейді. Тиіскенді аямайды десеңші...
Мақтаншақ бай: (ызаланып) Мирас:Жо - о - оқ! Қайткенде де жеңбей тынбаймын! Ақыл айқасында, қулық шайқасында мен оны тірілей өлтіремін! Ал егер алдай алмасам, айыбыма ту бие сойып, бәріңді шақырамын. Маған оны жеңу емес, кездесу, кездестіру қиын боп жүр. Әйтпесе...
Рахмет балалар, ал келесі кезекті - «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісіне берейік.
Ертегіні тыңдау
Қасқыр мен жеті лақ
Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
- Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
-«Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», - деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады – лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты:
«Шырақтарым – лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді». Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан - жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды. Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті. Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ шыға келеді. Бәріде аман - есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады. Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады. Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да, батып кетті. Жағдаят шешу
«Лақтардың орнында болсаңдар, сендер не істер едіңдер?».
Сергіту сәті.
Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секеңдеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
(І.Жансүгіров)7
Келесі кезекті екінші топтың өнерін тамашалаймыз
Гауһар:Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз:
Айару:Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:
Даниал:Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
Даниал:Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз:
Айару:Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:
Даниал: Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз:
Айару:Менің қатығымды төле! – дейді. Мысық сиырға барады.
Даниал:Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Ағаш:
Дидар:Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
Даниал:Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.
Қыздар оған:
Нұрай:Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады.
Даниал:Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші:
Жансұлу:Маған жұмыртқа бер, – дейді. Мысық тауыққа барады.
Даниал:Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар:
Арлан:Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.
Даниал:«Енді не қыламын?» – деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
Даниал:Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Гауһар:Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.
«Досыма сый» өз достарымызға қолымыздан,естелікке шағын сый тарту етейік.