Эстафеталық жарыс: «Біз жүйрікпіз»
Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Шынықсаң шымыр боласын» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден - саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін екі топты шақырамыз:
№1топ - «Балдырған» командасы
№2топ - «Болашақ» командасы
Командалар сәлемдесуі.
«Балдырған» командасынан жалынды сәлем.
«Болашақ» командасынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке - жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
«Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
Ал келесі кезекте ойын ойнайық, «Сымсыз телефон».
Эстафета 5 кезеңнен тұрады:
1 - кезең «Кім жылдам?»
Жүгір, селмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып
Нұрға сылан,
Болып қыран,
Өс ұлан – деп
Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.
2 - кезең:
Спорт - біздің досымыз,
Күш, қайрат сыналған.
Спорт - біздің досымыз
Бала кезден шыңдалған - деп келесі турымыз «Сиқырлы сақина»
Шарты: Сақинаға балаларды кезепен жинау
3 - кезең: Шынықсаң шымыр боласын – деп келесі турымыз «Жүйрік ат»
Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру
4- кезең:
Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар.
Күн нұрын күт,
Таза ауа жұт,
Бойыңа құт – деп келесі «Шебер» ойыны
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу.
5 - кезең:
Жүйрік болса кім
Күлімдейді күн
Жарыста жүгір, алға ұш - деп келесі турымыз «Скакалкамен жүгіру».
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!