«Балдәурен» лагерінің «Достық» ауысымының ашылу салтанаты
Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану,денсаулықтарын нығайтуға және шынықтыра білуге үйрету.
Жүргізуші:
Қайырлы таң, қадірменді ұстаздар,бүлдіршін балалар! Жазғы мектепалды «Балдәурен» лагерінің «Достық» ауысымының «Аман болсын, балалар» атты ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Қазақстан дейтін, менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Олай болса мерекемізді ән ұранымызбен бастайық.
Жүргізуші:
Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамызда жыр төгіп,
Өздеріңсін жалғастырар бабамның.
Қадірменді ұстаздар балалардың бүгінгі күнге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыз!
Жансұлу:
Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады
Алина:
Сабағымды бітірдім.
Лагерьге енді барайын.
Оқып көркем кітаптың
Тәтті дәмін алайын.
Эльмира:
Жаз жайнатып, күн күлдіріп,
Біз лагерьге барамыз.
Асыл жібек гүл үстінде,
Аунап ойнақ саламыз.
Мирас:
Көк шығып айнала,
Құлпырып гүлдермен,
Жер жүзі жайнайды,
Құстар кеп сайрайды.
Даниал:
Жаз келіп жадырап,
Балалар ойнайды.
Далада асыр сап,
Ойынға тоймайды.
Жүргізуші:
Ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді құрметтеп, «Бұлақ көрсе, көзін аш» демекші жазғы лагерде балалардың рухани дүниесін кеңейтіп, таланттарын шыңдап, өнермен қанаттанып қайтуына барынша күш саламыз деп уәде береміз. Ортаға келіп, «Достық ағашы» және «Біз әртүрліміз, бірақ бұл тамаша» атты тақырыбында өз қолтаңбаларыңызды қалдырыңыздар.
Таудай асқақ бойы бар,
Бойына сай ойы бар.
Қызметі де кем емес,
Тәртіпке салар бәрін тез!- демекші «Достық» жазғы лагерінің ашылуына орай құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Молдагалиев Ерлан Болатұлына беріледі.
Жүргізуші:
Мереке бүгін,береке бүгін
Қуанып,шалқып тасыған
От боп жүр балалар
Көңіл жоқ шешек атпаған – дей келе Жансұлу мен Алина қыздарыңыздың «Аяулы мектебім» әнімен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Келесі кезекте ойын. «Стакандағы су» ойыны. Бәріміз ойнайық!!!
Жүргізуші:
Бүгінгі еліміздің қырмызымыз,
Арайлы болашақтың ұл қызымыз.
Арасын жер мен көктің жалғайтұғын
Қанаты жарқыраған жұлдызымыз.
Келесі бір өнерлі қызымыз Дилараны қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Қымбатты балалар! «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?»- деп ұлы ақын
Абай Құнанбаев айтқандай біз сіздерге өзіміздің «Достық» лагерімізде ойнап, ән салып, би билеп, білімдеріңді шыңдап, жақсы дем алуларыңызға тілектеспіз!
Келесі кезекті ойынға берейік, «Ортадағы затты алу»
Жүргізуші:
Қымбатты балалар! Сендерді бүгінгі мерекеге орай «Мен бақытты баламын» атты асфальтқа сурет салуға мектеп алдына шақырамыз.
Ең әдемі сурет жүлдемен марапатталады.
Жүргізуші:
«Балдәурен» лагерінің «Достық» ауысымының ашылу салтанатына келгендеріңізге көп-көп рахмет, көк аспанда байрағымыз желбіреп, амандықта кездескенше!
Қош, сау болыңыздар!