"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балдәурен" лагерінің "Балауса" ауысымында "Кітапта алма ағашы, жемісін біздер теретін" тақырыбында өткен сабақ

08.06.2023

Тақырыбы: Кітапта алма ағашы, жемісін біздер теретін
Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру;
мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
Көрнекілігі: кітаптар туралы қанатты сөздер, мақал - мәтелдер
Барысы:
Мұғалім:Кітап - заманымыздың өмірі, кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап дүниетанымды кеңейтіп рухани жан дүниені оятады. Ертегі, әңгімелерімен сыр шерткен кітап – ақылшын.
Кітап та алма ағашы –
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар – білім көзі, рухани қазына.
Біз кітап арқылы бастауыш сыныптың өзінде – ақ бүкіл адамзаттық мәдениетпен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды. Алға басқан сайын кітап біздің айнымас
досымыз болып қала береді.
Кітап жанның елшісі, кітап теріс қадамдардан тыйылуға жетелейді.
Білімімізді молайтады. Кітаптан көп үлгі – өнеге, тәрбиелік әсер аламыз.
Олай болса, бүгінгі сайысымызда оқушыларының дайындығымен
Өткелі отырған «Кітапта алма ағашы, жемісін біздер теретін» атты шеберлік алаң сайсына қош келдіңіздер.
Сайысымыз « Кітап – білім бұлағы», « Білім көзі кітапта», « Өлең - сөздің патшасы» бірнеше кезеңдерден тұрады.
Бірінші кезең бойынша тапсырмалар кітапханадан алып оқыған кітаптардан беріледі.
Алдарында тұрған шарлар жарып, ішіндегі тапсырмасын орындаймыз.
Екінші кезең бойынша оқушылар сұраққа жауап береді.
Білім көзі кітапта
1. Қазақтың үш биін ата.
2. Қазақ даласында мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы кім?
3. Абай атамыздың әжесі кім?
4. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата.
5. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
6. Қазақтың аты аңызға айналған қаһарман батыр кім?
7. Жыл атауынан құр қалған жануар?
8. 22 - қыркүйек қандай мереке?
Өмір мәні – өнер менен білімде
Айтайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың, рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте – деп,
Келесі кезең «Өлең – сөздің патшасы».
Оқушылар бұл кезеңде кітап туралы тақпақтарын айтып, көрініс көрсетіп,
өлең айтады.

1 - оқушы: Адамның досы кітап – өмір кілті,
Тең емес оған жиған мүлкін,
Ақылшы жанға серік,
Ақыл – ой қазынасы, өмір көркі.
2 - оқушы: Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
3 - оқушы: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің,
Ауадай қажет бейне бір,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.
4 - оқушы: Кітабың – сенің құралың,
Жағар білім шырағың.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
5 - оқушы: Сөйлесіп өзің менен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін.
Шешіліп кейде достай сырласады.
6 - оқушы: Кітабыңды құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке.
Көрініс: « Бауырсақ ертегісі».
Мұғалім: Сонымен, балалар, бүгінгі «Кітапта алма ағашы, жемісін біздер теретін» атты сайысымыз аяқталды. Енді біз рухани байлық кітапты құрметтеп, ұқыпты ұстаймыз.

Просмотров: 207


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст