Сабақтың тақырыбы: Ертегі айта білеміз бе?
Сабақтың мақсаты: «Ертегі» ұғымын кеңінен ашу, шығу кезеңдері туралы түсінік беру. Ертегінің танымдық, тәрбиелік мағынасымен танысу.
Мұғалім: Қош келдіңізде, оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған тәрбие сағатымызда көргенімізге қуаныштымыз. Бәріміз де кішкентайдан әжелеріміздің ертегілерін тыңдап өстік.Міне,бүгін де біз әжелерімізді еске түсіріп,бірге ертегі әлеміне сапар шегеміз.
Видео-роликте көрсетілген суреттер, талантты шәкіртеріміздің өз шығармашылықтарынан.
Айсұлтан: Әжем менің көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды.
Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды.
«Айта берсе екен» деп,
Отырамыз «Ұйқыға әлі ерте» деп.
Дариға:Тәрбие сағатымыздың шымылдығын домбырамыздың әсем үнімен бастайық.
Мұғалім: Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
Толғанай: Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем—эстетик.әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды
Амира:Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады.
Айдана: Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.
Хатиджа: Үйін жинап ертеңмен
Мейіз тауып алыпты
Мысығы келмеген соң
Ол өкпелеп қалыпты
Бұл қай ертегі ?
(Мақта қыз бен мысық ертегісі)
Арлан: Атай өзі салғанын
Көрді өсіп қалғанын
Ары тартты , бері тартты
Бірақ оны тарта алмады.
Бұл қай ертегі ?
(Шалқан ертегісі)
Әлинұр: Апасынан қашып кетті
Атасынан қашып кетті
Кездестіріп біраз аңды
Біраз жолдан асып кетті.
Бұл қай ертегі ?
(Бауырсақ ертегісі.)
Айкөркем: Лақтарым, шұнақтарым , ашыңдар есікті.
Аналарың келді сендерге сүт әкелді.
Бұл кай ертегі ?
( Қасқыр мен жеті лақ ертегісі.)
Нұрғали: Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.
Айдос: Қазақ халқының ертегілерінің тақырыбы—туысқандық, бауырмалдық, мейірімділік туған еліне жеріне деген адалдық,жақсылыққа жақсылық, жануарларға деген аяушылық. Ертегілерінің мазмұны және мәтіні жағынан тартымды, тілі орамды. Ол кісінің ертегілеріне психологиялық-педагогикалық тұрғыдан көз салмай тұрып, ең алдымен “ертегі сөзінің мағынасына, шығу тарихына көз жіберсек. Фольклордың қара сөзбен айтылатын ерекше мол түрінің бірі- ертегі. Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Ертегінің шығуы ХІХ ғ/ң ІІ-нші жартысынан басталады. Ғажайып қал, қиял әңгімелері орасан зор уақиғалы қызық әңгімелер, салт тарихпен байланысты оқшау әңгімелер, бәрі де ертегінің түрлері.
Аруна: Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1)жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
4) тұрмыс-салт ертегілері. Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар.
Мұғалім: Көрермендермен сұрақ-жауап
1)Ертегілердегі тілегіңді орындайтын сиқырлы зат?(Сиқырлы таяқша)
2)Сүйікті ертегіңіз қандай?
3)Ертегілерде жиі кездесетін жағымсыз кейіпкер?(Жалмауыз кемпір)
4)Қай ертегіні қайта оқыр едіңіз?
5)Ертегінің түрлерін ата?
1)(жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
4) тұрмыс-салт ертегілер)
«Жақсылық пен Жамандық» ертегісі
Демонстрацияда ертегі видеосы қосылып тұрады. Оқушылар өз кейіпкерлерінің сөздерін айта береді
Қатысатындар:
Автор — Нұрғали
Жақсылық – Саян
Жамандық – Әлинұр
Қасқыр –Нұрислам
Түлкі – Динара
Арыстан – Айсұлтан
Көрген ертегіден қандай ой түйдіңіздер?(Жаннұр мен Айдана жауап береді)
Бағдат Дариға «Ертегілер» әні
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз арқылы ертегі туралы түсініктеріңізді кеңейтіп,тың ақпараттар беріп қана қоймай, «Жақсылық пен Жамандық» ертегісі арқылы жақсы ойлар қалыптастыруға себепкер болдық деп ойлаймыз.