"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балдәурен» лагерінің «Балауса» ауысымының ашылу салтанаты

02.06.2023
Балдәурен» лагерінің 
«Балауса» ауысымының ашылу салтанаты
2022-2023 оқу жылы
 
Лагерь тәрбиешілері: Аяпбергенова К.М.
                                                                     Шыныбекова У                                                                
                                                                    Жанабергенова А.Е.
                                                                      
 «Балдәурен»  лагері «Балауса»  ауысымының
салтанатты ашылуы
I- жүргізуші: Қайырлы күн!
Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, Мектепалды «Балдәурен» лагерінің «Болашақ»  ауысымының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Қазақстан Тәуелсіз ел екенбіз.
Жоғалмасын ешқашан берекеміз
Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз
Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз
II-жүргізуші: «Балдәурен» лагерінің «Балауса» ауысымын ашу рәсімін мектеп директоры Молдагалиев Ерлан Болатұлына беріледі.
I- жүргізуші:
Бала бағы бар елдің.
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің. -дей келе келесі кезекті оқушыларымыздың тақпақтарына береміз.
(Оқушылардың тақпақтары)
Әлинұр:
Атың қандай жаз деген,            
Мағына бар мәз деген.
Бар тіршілік масайрап,
Күй толқыды сөзбенен. 
Алихан: 
Балаларда мәз болып,              
Үйге мүлде кірмейді.
Көлге аққу, қаз қонып,
Жазсыз өмір сүрмейді.
Динара: 
Жаз болса, жердің жүзі жайнап тұрған,         
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.
Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз,
Ыстық боп, жердің жүзі қайнап тұрған.
Нұрислам:
Жазғы демалыс келіпті.                            
Маусым айы жетіпті. 
Лагерь  қызық болған соң, 
Барлық бала келіпті.
Хадиджа:
Ойын маған ұнайды,                             
Көп ойнауға болмайды.
Күні бойы доп қусаң, 
Ақыл-білім қонбайды.
Айзере:
Біз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.           
 Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз. 
Жүгіреміз, секіреміз жарысып, 
Ән саламыз, би билейміз майысып.
Дидар: 
Бала, бала, баламыз        
Лагерге біз барамыз 
Күні – бойы қызыққа 
Батамыз да қаламыз.
Саялы:
Мектебімнің ауласында бүгін той!      
Лагердің ашылу күні біліп қой
Алақай - ау, алақай той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан кел, соғайық балақай.
Аруна: 
Жаз келді алақай,        
Ойнаймыз далаға-ай. 
Қамалып отырмай 
Жүріңдер, балақай.
Жазғы лагерді ашамын             
Бәрлерінді шақырамыз
Күлеміз,ойнаймыз,ін шырқаймыз
Спортпенен шұғылданамыз
Нұрай:
Шаттан,күл,балақай!        
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Нұрғали:
Мен гүлдерді жұлмаймын        
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын 
Апайларды сыйлаймын
Ернұр
Гүлмен келсін келер күн
Бала - бағы бар елдің
Балалардың күлкісі 
Көркі, сәні әлемнің.
Айсұлтан
Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің 
Батырлары боламыз.
Альтаир:
Мереке бүгін, береке бүгін
Қуанып шалқып тасыған
От боп жүр жастар,
Шоқ боп жүр жастар
Көңіл жоқ шешек атпаған.
I- жүргізуші:
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін. -дей келе "До-ре -ми" биін қабыл алыңыздар.
I -жүргізуші:
Бүгін қызық,бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Дөңгеленсін би-билеп
Жалғастырсын ойды-ой
« Ойлы болсаң, озып көр» кезеңі.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер оның дұрыс жауабын анықтап, үш тілде айтыңдар.
1.Білімнен мол сый –асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп, школа, school )
2.Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (ұстаз, учитель,teacher )
3.Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. (Дәптер, тетрадь,notebook)
4.Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (қоңырау,bell )
5.Бөлінгенді табыстырып,
Біріктірсе жабыстырып.
Жымдастырған жігін де,
Байқамайсың түгін де. (желім, клей,stick)
6.Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш, линейка, ruler)
7.Оқуыма төреші,
Тоқуыма төреші, Парақтасам байқалар,
Білімімнің өресі,
Онда   және жазылған ,
Кестемде бар келесі. (күнделік, дневник, diary)
І жүргізуші
Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады.
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады
Келесі кезекті Дариғаның орындауындағы "Ертегілер әлемі" әніне береміз.
І - жүргізуші
«Балдаурен» әлеміне саяхатқа шығайық,
Таңғажайып әлемнің қызығына қанайық
Кіршіксіз таза, аппақ мөлдір дәуренге
Әсем әнмен әсем бимен барайық!  
Ж.Нұрайдың орындауындағы биді қабыл алыңыздар.
Жұмбақ.
1.Тау басында қара орман, 
Жыл озған сайын ағарған (шаш) 
2.Өткір жүзді келеді, 
Өте қажет құрал ал 
Тұтас затты бөледі, 
Ұсақтап та тұрар ол ( пышақ) 
3.Қате  жазып жаңылсаң 
Тазалайды ол барын сап. ( өшіргіш) 
4.Жазу жазып жалықпаған, 
Жазған сайын арықтаған (бор) 
5.Итке ұқсаған ізін- ай 
Оны қалай десек те 
Ал бір жері қызық -ай 
Ұқсап- ақ тұр есекке ( қоян) 
6.Киім киген инеден 
Қоқып ешкіп тимеген (кірпі) 
7.Дәміде жоқ, түсі жоқ 
Пайдаланбас кісі жоқ ( су) 
I - жүргізуші:
Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт!
I -жүргізуші: «Балауса» лагерінің ашылу салтанатына келгендеріңізге
көп- көп рахмет, көк аспанда байрағымыз желбіреп, амандықта кездескенше сау
болыңыздар!
Просмотров: 231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст