"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқан

31.05.2023

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»

Ұлттық ақпараттық науқан

    Ақмола облысының білім басқармасы ағымдағы жылы 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтетіндігін хабарлайды.

    Науқанды өткізудің негізі мақсаты – қоғамның назарына, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

    Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ- тың бала еңбегін пайдаланудыалдын алу және болдырмау мәселелерін серіктестік пен ынтымақтастықты  дамытуға себеп болады.

    Бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған жағдайда, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуді алдын алу үшін Ақмола облысы білім басқармасының - 8(716 2) 903152 сенім телефонына, 87162-72-29-03 саll-орталығына және «BALA QORGAU» Телеграмм-чатына хабарласуға болады.

Просмотров: 191


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст