Текст
Жаратылыстану – математикалық пәндер онкүндігі аясында физика пәнінің мұғалімі Тохашева М.С 8-сыныпта №4 зертханалық жұмыс «Тізбек бөлігі үшін ток күшінің кернеуге және кедергіге тәуелдігін зерттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ұстаз ток күші, кернеу және кедергі шамалардың алдыңғы білімдерін белсендірді. «Пирамида» әдіс бойынша Ом заңының формуласын талдап, «Кластер» әдіс бойынша электр шамалары туралы ақпаратты сараптады. Зертханалық жұмыста оқушылармен мұғалім көшбасшылығымен амперметр мен вольтметр шкалаларын қарады және бір бөлік құнын есептеді. Сұлба бойынша электр тізбегін жинады. Оқутудың белсенді әдістерін ұтымды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше әрекеттенуіне бағытталған сабақ нәтижелі өтті.