«Семинар практикум» 24.01.2020ж
24 қаңтар күні Жақсы №1 орта мектебінде мектепшілік «Келешектің кілті – кемел білімде» тақырыбында «Семинар практикум» ӨТТІ.
Семинарға барлық мектеп мұғалімдері белсене қатысты. Семинарда білім беру үрдісіндегі өзекті тақырыптар талданып, ұстаздарға түсіндірілді.
«Мұғалім тәжіриебесіндегі зерттеу» тақырыбындағы коучинг сабақты мектеп тренерлері Бекбергенова Л.М, Жалмурзина Н.А өткізді.
«Ұстаздар ынтымақтастығы» тренингін мектебіміздің педагог – психолог Тәжібай Ақнұр Нұрлыбекқызы өткізді. Сонымен қатар «Кәсіби бағдар жұмысының маңыздылығы неде?» тақырыбында шебер сабақты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Каскаева Л.Б өткізді.
«Жас келсе,іске!» атты диалогтық аланшаны мектеп директорының орынбасарлары Бақтыбаева М.Б, және Кенжебаева А.К, жас мамандар Бүркітбай Ж,Тәжібай А, Бикаева Л қатысуымен өткізді. Мектеп директоры Шапиев Е.Р семинардың жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуына қолдау жасап, ұжымға бағыт-бағдар бере алды. Сонымен қатар тәжіриебесімен бөліскен ұстаздарға алғыс білдіріп, жас мамандарды, «Шығармашыл жас маман», «Креативті жас маман» төсбелгілерімен марапатталды.