Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сыныбында "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын-алу " тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында Жақсы ауданының полиция бөлімінің инспекторы Есимов Даурен Максутовичпенде сұхбат өткізіліп, оқушыларға құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігетінімізді түсіндіре отырып, құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтеуге тиістігін атап өтті. Мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.