"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Салт - дәстүр – асыл қазына» тақырыбында орта буын сынып араларында іс-шара өткізілді

17.03.2023

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.Қазақ халқы маусымдық мерекелерге бай халық. Ол мерекелерді атап өтсек: Жыл басы тойы – Наурыз, Жаз тойы – Қымыз мұрындық, Күз мейрамы – Мизам, Қыс тойы – соғым. Сондай-ақ, бие бау, тулақ шашар, шашыратқы, сірге тағар, сірге жияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу сияқты қазақ халқының көнеден келе жатырған дәстүрлі мерекелері де бар. Салт - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.
1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.
2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.
3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. « Жақсыбай ауылы» 

5 сынып "Жақсыбай" ауылы

 6а сыныбы-  «Бірлік ауылы»

6ә сынып -" Жақсы" ауылы

7 сынып "Атамекен" ауылы

8 сынып «Достық ауылы»

Барлық  сыныптар жақсы дайындалып өте керемет көріністер қорсетіп, марапаттарға ие болды. Наурыз құтты болсын!

Просмотров: 193


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст