Lesson Study — мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл екені белгілі. Мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуетін олардың кәсіби өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруларына ықпал ететіндей қолдау көрсетілген жағдайда ғана көрсете алады. Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның орнына кәсібилікке бағытталған ұжымдық және кешенді тәсіл қажет. Ұранымыз:Бірге бас қосу – бұл бастама, бірге болу – бұл прогресс, ал бірігіп жұмыс жасау – бұл ЖЕТІСТІК.
«Lesson Study» сабақты зерттеу тобы ұстаздары тәжірибелі мұғалімдермен қатар, жас мамандарға кәсіби жетілуге көмектесуді бастап кетті. Бүгінгі күні пәндер онкүндігінде алғашқы сабағын өткізгелі отырған Буркитбаева Ж-ға қолдау көрсетіп, тиімді сабақ жоспарын жоспарлауға бағыт берді.