"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Нақты ғылымдар елінде» атты жаратылыстану пәндері онкүндігінің ашылуы

13.01.2020

«Нақты ғылымдар елінде» атты жаратылыстану пәндері  онкүндігінің бағдарламасы

Іс –шараның тақырыбы

Сыныбы

Мерзімі,

уақыты

Өтетін жері

Жауапты мұғалім

1

Апталықтың салтанатты ашылуы

6-11 сыныптар

13.01.2020

2 этаж

Абылкаримова М.

Кантарбаева А. С

Карабаева У. У

Бүркітбаева Ж. Е

2

 Биологиядан

ашық сабақ

«Зәр шығару мүшелерінің құрылысы»

Физикадан ашық сабақ

«Қатты денелердің қысымы

8 а сыныбы

 

 

 

 

 

7 «ә» сынып

14.01.2020

305

 

 

 

 

 

306

Карабаева У. У

 

 

 

 

 

Кантарбаева А. С

 

3

Географиядан ашық сабақ

«Топырақ және оның құрамы мен құрылымы»

7 «а» сыныбы

15.01.2020

202

Абылкаримова М. М

4

«Білгірлер бәйгесі» зияткерлік сайыс

7 «а» ,7 «ә»-

8 «а», 8 «ә»

16.01.2020

Сағ 1600

202

Абылкаримова М. М Карабаева У. У

Тұрысбек С. Ә

5

 Сыныптан тыс іс-шара

«Сиқырлы өнер әлемінде»

5 «а»- 5 «ә» сыныптары

17.01.2020

Сағ 1600

302

Исмаилов А. А

Көшеков Қ. Б

           

6

Химиядан ашық сабақ «Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы»

«Қызықты математика»

 

8 «а» сыныбы

20.01.2020

 

 

 

 

20.01.2020

Сағ 1600

305

 

 

 

 

205

Бүркітбаева Ж

 

 

Куйшугулова Г. Н

7

Математикадан ашық сабақ

 

5 «а» сыныбы

21.01.2020

204

Пән мұғалімдері

8

Технологиядан ашық сабақ «Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау

6 сынып

21.01.2020

212

Бекбергенова Л. М

9

«Жас химик»

8-9-10

22.01.2020

205

Карабаева У.У

Бүркітбаева Ж.

           

10

Географиядан ашық сабақ

«Қазақстанның физикалық-географиялық аудандары»

9 сынып

23.01.2020

201

Тұрысбек С. Ә

11

Апталықтың қорытындысы

 

23.01.2020

202

Оқу ісінің меңгерушісі пән

Мұғалімдері

 

 І жүргізуші: Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар, білімді оқушылар! Бүгінгі «Нақты ғылымдар елінде» атты жаратылыстану ғылымдарының апталығының ашылуына қош келдіңіздер! Бұл апталықта математика, химия және биология, география және технология мен сызу, сурет пәндеріне байланысты түрлі қызықты кештер мен іс-шаралар өткізіледі
ІІ –жүргізші

Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық!
Бүгінгі апталық төрінде,
Жұмбақ шешіп аңдысып...
Шабыттанып шалқысып.
Көңілді апталық жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай.
Бар өнерге басайық - дей отырып, келесі сөз кезегін бізді қоршаған табиғаттың қыр - сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарына берсек

 

 

Әділ

Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен.
Роботтай адамды,
Тіл бітіріп сөйлеткен.
Компьютер емей немене?

Білмегенді білдірген,
өлшеп киім кигізген.
Барлық істі атқарып 
Пайдасын елге тигізген 
Компьютер емей немене?

Ұлан

Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз - химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
Жүрмейсің мұны білсең қате басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап массаға сай қатарласып.
Кестеден түрлі - түстер көрінеді,
Бәрі де деңгейге сай өріледі,
Заң ортақ, период ортақ, топта ұқсас,
Заңдылық зарядтармен бөлінеді.

Арай

Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін
Алтын

 Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер,су мөлдір ауа,өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?

Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас әр ұрпаққа туған жер.

 Не берсе де,береді ол қарызға.

Жайна

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,
Жансызға жан бітіріп қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бір өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басп озған,
Жалынды патриот, батыр, ғалым,
Ғасырлар түпкірінен басып озған.

Әсет

Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.
Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.

 

ІІ - жүргізуші: 

Білім деген биік шың, 
Бақытқа сені жеткізер. 
Білім деген ақылшың, 
Қиындықтан өткізер   - дей  келе назарларыңызға информатикадан сот сабағын ұсынамыз

СОТ САБАҒЫ

Сотқа  қатысушылар: Сот төрайымы, хатшы, вирус, Операциялық жүйе:м айыптаушы, қорғаушы, екі күзетші, Касперский, Doctor Web,NOD32, компьютер, сараптаушы

Соттың жүруі:

Хатшы: -  Сот келе жатыр, орындарыныздан түрындар!

Сот төрайымы: - Айыпкерді әкеліңіздер!

Хатшы: - Айыпкер әкелсін (Екі күзетші айыпкер Вирусты әкеледі)

Сот төрайымы: - Ақмола облысы, Жақсы ауданының сот отырысн бастаймыз. Сот процесіне айыпталушы Айдаев Ердос, қорғаушы Файзуллаева Сафура, жәбірленуші Операциялық Жүйе, айыпталушы  Вирус  қатысып отыр. Осы сот процесі  Жақсы ауылының тұрғыны Операциялық Жүйенің арызы бойынша жүргізіледі. Хатшы арызды оқыңыз.

Хатшы: - Ақмола облысы, Жақсы ауданының сотына Жақсы ауылының тұрғыны Операциялық Жүйеден

АРЫЗ

Менің арыз беру себебім, - 20 қаңтар 2009 жылы интернет арқылы Вирус ілесіп келіп,менің барлық жүйеме зиян келтірді, керек десеңіз жүйедеге барлық бағдарламаға еніп,өз білгенін жасап, қорлық көрсетті. Тек маған ғана емес компьютердің де жұмыс істеуіне кедергі келтіруде,өйткені, жұмыс жасар алдында бағдарламамен бірге кірісіп көптеген қиыншылықтарды тудырды. Вирусқа әділ жазасын берілуін сұраймын.

Сот төрайымы:- Сөз жәбіррленуші Операциялық Жүйеге берілді.

Хатшы: - Жәбірленуші Операциялық Жүйе шақырылады.

Операциялық Жүйе: - Мен, тиісті занға сүйене отырып, тек шындықты айтуға ант беремін. Арызға жазғандарымды растаймын. Мені осындай күйге түсірген Вирус тиісті жазасын алуын сұраймын.

Сот төрайымы: - Айыпкер Вирус! Сіз өзіңіздің қылмысыңызды мойын дайсыз ба?

Айыпкер Вирус: - Жоқ мойындамаймын.

Сот төрайымы: - Олай болса куәгерлер шақырылсын!

Хатшы: - Куәгер Компьютер шақырылады.

Куәгер Компьютер: -  Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Мен, Операциялық  Жүйесіз жұмыс атқара алмаймын. Иә, Вирус тек  Операциялық  Жүйеге ғана емес, барлық бағдарламаға еніп кедергі тудыруда. Сондықтан Вирусты бізге жібермейтіндей етіп қамауға алуларыңызға сұраймын.

Сот төрайымы: - Олай болса келесі куәгерлерді шақырыңыздар!

Хатшы: - Куәгерлер Касперский, Doctor Web,NOD32  шақырылады.

Куәгер Каспкрский: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін.Компьютерге вирус жұққаннан бастап, Операциялық Жүйеге зиян келтіруле. Осы жолды қарастырып отырып, Жүйеге енген бар вирусты жойып қолымнан келгенше жәрдем беріп келем.

Куәгер Doctor Web: - Мен де, Касперский айтқандай Жүйеге зиян келмес үшін өз жәрдеммімді аямаймын. Бірақ та Вирус ол жағдайды мүлдем түсінбейді. Тиісінше жазасын алсын.

Куәгер NOD32: - Мен де, алдағы куәгерлер айтқандай қолымнан келгенше өз көмегімді беріп келем. Өйткені біз болмасақ Компьютер мен Операциялық Жүйенің жағдайы қалай екені мәлім. Қысқасы,Вирус өз әділ жазасын алсын.

Сот төрайымы: - Барлық куәгерлерді тыңдадық, енді сараптаушыны тыңдайық.

Сараптаушы: - Мен, соттың тапсырмасы бойынша бұл жағдайды тексеріп, мындай қортындыға келдім. Өздеріңіз білесіздер, бұкіл әлемге  Вирус  айтарлықтай  зиян  келтіруде. Вирус  өздігінен пайда болған жоқ, ол әдейі қасақана жасалынған. Вирустың кінәсі Компьютерге еніп Операциялық Жүйеге және басқа да бағдарламаларға зиян келтіргені.Сондықтан да Вирустан дер кезінде қорғанбасақ, келешекте керекті мәліметтерді жоғалтуға душар етеді. Міне, басты себебі осылай. Ал, сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады: вирустан сақтайтын арнайы бағдарламаларды пайдалану, вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру, дискні физикалық зақымданудан сақтау.

Сот төрайымы: - Сөз айыптаушыға беріледі.

Айыптаушы: - Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2,5-тармағы, 20 – статьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа  ала отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз ену», «Ақпараттардың ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зиян келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирус заң алдында жауапты. Вирус Операциялық Жүйеге және де басқа да бағдарламаға айтарлықтай зиян келтірді. Сондықтан да бүкіл әлемге танымал Вирус, заң жүзінде өмірлікке сотталуын сұраймын.

Сот төрайымы: - Сөз қорғаушыға беріледі.

Қорғаушы:  -  Мен, Вирусты қорғаушы ретінде айтарым, вирустың ешбір кінәсі жоқ деп иайта алмаймын. Өйткені  істі жүргізу барысында біраз жайттарға қанық болдым.  Бірақ та ең бірінші Вирусты ойлап тапқан кінәлілерді тауып, жазалау керектігін баса айтқым келеді. Адам ойлап таппасы Вирус мұнда отырмас еді.Сол себептен Вирус «Айып пұл» төлеп, сот отырысынан босатуыңызды сұраймын.

Хатшы: - Тұрыңыздар! Сот кеңесуге кетеді.( сот 1-2 минут кеңесуге шығып кетеді!

Хатшы:  - Тұрыңыздар! Сот келе жатыр! (Үкім оқылады)

Сот төрайымы: - Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді жәнеақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2,5-тармағы,20-статьясы,1-2 бөлімдерін басшылыққа ала огтырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсызқолдану арқылы қоғамға зиян келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына  кедергікелтіру»бойынша, Вирустың кінәсі бар екендігін айта келе «Айыппұл» төлеп сот отырысынан босатылады. Бұл жағдайда, негізгі кінәлілерді тауып, тергеу ісі қайта жүргізілсін. Осымен сот отырысын жабық деп жариялаймын.

 

Просмотров: 325


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст