Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдары арасында "Ана,әже және мен" Халықаралық әйелдер күніне арналған облыстық байқаудың аудандық туры өткізілді. "Анам, әжем және мен" Халықаралық әйелдер күніне арналған байқау "Балаларды ерте дамыту институты" РММУ жұмыс жоспарымен өткізіледі. Аудандық тур ағымдағы жылдың 20 ақпанында өтті. мақсаты: тәрбиеленушілерді қазақ тілін белсенді қолдана отырып, қазақ халқының патриоттық, мәдени-тарихи дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына баули отырып, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттері мен адамгершілік құндылықтарын дамытуға ықпал ету. Аудандық турға біздің мектептен мектепалды сыныптардың 3 қатысушысы қатысты, оның ішінде бір қатысушы (команда) І - орын алған жеңімпаз атанды және келесі турға қатысуға жіберілді. Қатысушымызды құттықтаймыз Жанар Гүлім