"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5-7 сынып оқушылары арасындағы шырша

30.12.2022

 

"Қош келдің, Жаңа жыл!"

5-7 сыныптар.

Жаңа жыл мерекесі

1-жүргізуші:

-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!

2-жүргізуші:

Бармысыздар , замандас, бауырлар , шабытты шәкірттер.

1-жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

2-жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

1-жүргізуші:

            Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар

2-жүргізуші:

             Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің                  

             шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:

 Құрметті жамағат «Жақсы сөз жарым ырыс!»  -деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры  Молдагалиев Ерлан Болатовичке береміз.

1-жүргізуші:

-Армысың , аманбысың Жаңа жылың.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Қоян жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық ән менен көңіл сырын. Ортада өздеренің әсем әнімен 5 сынып оқушылары қарсы алыңыздар.

5 сыныптан ән.

2-жүргізуші:

-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз Ата мен Ақша қар  келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:

   Қуаныңдар , ағайын, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

 \осы кезде  музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді\

Аяз ата:  Амансындар ма ұлдарым

Амансындар ма қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларын

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарын сендерге

Шаршап жетті алыстан.

1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, Ата!

Аяз Ата: Уағалейкумассалаум, балам!

2-жүргізуші:

Армысыз Аяз Ата, Армысың Ақша қар

Аяз Ата:

Бар бол , балам! Біз қай жерге келдік қарағым!

1-жүргізуші:

Сіздер Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектепке жаңа жыл кешіне  келдіңіздер.

Аяз ата: Әп бәрекелді.

 Ақшақар: Сәлем бердім баршаңызға,

Сіздермен қауышқаныма қуаныштымын.

Неткен нұрлы жүздерің

Неткен сұлу шыршаларын

Бірақ Аяз Ата байқайсыз ба? Шыршаның шамы сөніп тұр.

Аяз Ата:

О не дегенің қызым

Ол қиын шаруа емес

Қазір барлығымыз бірге сиқырлы сөзді айтып шырша шамын бірге жағамыз.

Шырша шырша жан деп 3 рет айтайық.

Хоровод: «Аппақ аппақ жапалақтап»

Аяз Ата:

-Бәрекелді балаларым!  Мұнда  өнерге жақын өрендерің бар шығар.?

2-жүргізуші:

Әрине , ата!    біздің мектебімізде   мың бұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.

Аяз Ата :

 Рұқсат шырақтарым, рұқсат

1-жүргізуші

\Ортаға биші қыздарды шақырайық\     Музыкальный номер. 6 ә сынып. Би

2-жүргізуші:

Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға!

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуанышы көп болсын Жаңа жылда,- дей отырып жаңа жылдық мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз.

Музыкальный номер. 6 «а»  сынып. Ән

1-жүргізуші

:Ашық аспан төгіп нұр,

Қар жамылған дала , қыр.

Есік ашып келіп тұр

Аңсап күткен Жаңа жыл!

Барыс:Балақайлар сендермен қоштаспас бұрын бәріміз бір билесек қайтеді?

Би

Барыс. Балалар би ұнады ма? Енді менің де кететін уақытым болды. Келесі жыл кезегін қоянға беремін. Хош сау болыңдар.

Сахнаға Қоян шығады

Қоян :

2 – жүргізущі:

Ар бол Жаңа жыл Бар бол Жаңа жыл

Қадамың құтты болсын Жаңа жыл

Бейбітшілік жыл бол, Жаңа жыл.

Құт береке жылы бол Жаңа жыл.

 

Жүргізуші: Ақ жүрекпен ән шырқайық жап-жаңа

Тілекпен жыл жеткен жеткізсің деп арманға

Мереке бұл күткен жанаратын таңымыз

Думанмен шаттықпен  қарсы алайық бәріміз.

Музыкальный номер. Би 5 сынып.

Жүргізуші: Жаңа жылдың жарқырасын шамдары

Жаңа өмірдің жадырасын жандары

Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа өмірде

Орындалсын әрбір жанның арманы дей келе кезекті 6  сынып оқушыларына береміз.

Ән. Би

Би. Фиксики шығып билерің билейді.

Фиксики: Сәлем балақайлар!Қалдарың қалай? Бізді таныдындар ма?

Балалар: Иә

Фиксики : Олай болса сіздермен бір ойын ойнайық.

Қалпақ ойыны.

2-жүргізуші:

Құтты болсын жас талап,

Құтты болсын жаңа жыр,

Жайнай берсін бас шырша,

Баршамызға төгіп нұр.

Жылды қарсы алайық,

Асқақ әнге салайық!

Хоровод: Қош келдің, Жаңа жыл!

Жүргізуші: Ал ендігі кезекті 7 сынып оқушыларына берейік.

Би 7 сынып оқушылары.

Аяз Ата: Бәрекелді балаларым өнерлі екенсіздер. Сыйлығымды сіздерге таратып берейін.

1-жүргізуші:

-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі  Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ  Қазақстанымыздың түпкір –түкпірін аралап келе жатыр екенсіздер. Ал, Аяз Ата Ақша қар!. Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине сіздердің әлі де барар жер , басар тауларыңыз болған соң көп бөгемейік.

Аяз Ата: Жарайды балдарым менің Сендердің өнерлеріңді тамашалап дем алып қалдым .Енді рұқсат болса біз жүрейік .Жаңа жылдарың кұтты болсын! Сау болыңдар!

2-жүргізуші:

Сау болыңыз Аяз ата Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

 Өнерді бұлбұлдай сайратамын.

Елімді гүлдей жайнатамын.

1-жүргізуші:

Жаңа жыл құтты болсын жас ұрпақ,

Келген жылға қарамаңдар тосырқап.

Үлкенге ізет, кішіге көмек көрсетіп,

Жақсы істермен көңіліңнің досын тап.

2-жүргізуші:

О,Жаңа жыл, құтты жыл,

Ана бақыт, несібем.

Жаңа жылдың қып-қызыл

Қоштастық біз кешімен

1-жүргізуші:

Өтсін жақсы жаңа өмірдің күндері,

Шарпымасын жүректердің мұң  лебі.

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары,

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

1-жүргізуші:

Жаңа жылды жақсылық болсын, Әр үйге құт, береке қонсын!

2-жүргізуші:

Бүгінгі мерекелік кешімізді осымен аяқтаймыз.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Просмотров: 277


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст