Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда түгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей білуге тиістіміз. Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығы әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін бұл мереке әрі патриоттық деп есептеледі. Бірлескен ұйымшылдық болып, бірге жаңа мақсаттарға жетуіміз, халқымыздың ырысы және гүлденіп өсуі, сыйласуы мен түсінісуі, әрқашанда рухтарымыздың биік болып, салт-дәстірімізді әрқашан бағалап жүрсек, алда көптеген жаңа табыстарға жетеміз. Бұл мереке күні Сізге тілейтініміз зор-денсаулық, мақсат-жолдарынызда сәттілік, туған-жақындарыныздың жылу сезімі әрқашан Сізге қуаныштар сыйлай берсін!