"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепалды даярлық тобында өткізілген жаңа жылдық іс-шаралар

29.12.2022

Ертеңгілік

Тақырыбы: " Қош келдің, Жаңа жыл!"

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

І жүргізуші: Ассалаумағалайкум, құрметті қонақтар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

ІІ жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

(І жүргізушіге)......! Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

І жүргізуші: Дұрыс айтасың ..... .Бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Каскаева Ляззат Байсеркеқызына береміз.

ІІ жүргізуші: 

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.

Аязата! Аязата! Аязата!

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Аяз ата келеді. Қасында Ақшақары бар. (Таяғын тарсылдата кіріп келеді.)

Аяз ата: 

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақшақар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақшақар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақшақар. Сіздер келмесе ән салмаймыз деп, әншілеріміз ренжіп отыр.                                                                             Ақшақар:                                                                                                                                    Сәлем бердім баршаға,                                                                                                                Сіздермен қауышқаныма қуана!

Неткен нұрлы жүздерің,

Неткен сұлу шыршаларың!

Бірақ, ата, қараңызшы,

Шырша шамдары жанбаған.

Аяз ата:

О, не дегенің қызым!?

Шыршаны шамын жағамыз,

сиқырлы сөзді айтып,

шыршаны лезде жайнатамыз!

Кәнеки, балалар, бәріміз бір дауыспен :

Шырша, шырша таңырқат,

Шыршамызды жарқырат! – дейік. 1,2,3!

Шырша, шырша таңырқат,

Шыршамызды жарқырат!

ШЫРША ШАМДАРЫ ЖАНАДЫ

ІІ жүргізуші:                                                                                                                                                Таң қалдырып баршаны,

Шыршамыз жарқырап жайнады.

Құбылтып, құлпыртып айналаны

Сиқырлы сәулелер жан-жаққа тарады.

Кәнеки, бәріміз қол ұстасып, сұлу шыршаны айналып ән шырқайық!

Хоровод: «Аппақ, аппақ жапалақтап»  №1

І жүргізуші:  О, халайық, жараңдар.
Қилы-қилы заман бар.
Барыс жылы шапқылап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!
(Сахнаға Қоян шығады.)

Қоян:                                                                                                                                                   Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.                                                                                                                        Сіздерге мың рахмет.                                                                                                                      ІІ жүргізуші:                                                                                                                                          Ар бол, Жаңа жыл! Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!                                                                                           І жүргізуші:  

Аязатамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Осы сыйлықтарға ие болу үшін Аяз атаның дайындаған тапсырмаларын орындау керексіздер. Дайынбыз ба , балалар? №2

Аяз ата: -Балалар, біз қазір сендермен «(Шырша ойынын»ойнасақ, әр сыныптан 3 ұл 3 қыз шығарып, қандай сұрақ қойсақ та, сіздер шырша деп жауап бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзімізге күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар болса, ойын тәртібін бұзды деген сөз ол бала ойыннан шығады. Сонымен сұрақ ойнымызға көшеміз.

  1. Атың кім?
  2. Нешедесің?
  3. мұғалімің кім?
  4. Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?
  5. Досың кім?
  6. Аяғыңа не киесің?
  7. Қыста тонасың ба?
  8. Қазір қай мезгіл?
  9. Басыңа не киесің?
  10.  Ата-анаң кім?

Аяз ата: Өте тамаша балалар! Мен сендерге дән ризамын, жарайсыңдар!

Ақшақар қызым, енді көңілімізді көтеріп ән айтайық. (Шыршаға бардық) ХОРОВОД   №3

Ақшақар: Әрине, Аязата! (Балалармен бірге ән айтады)

Аяз ата: Қандай өнерлі балалар! Ал балалар, менің сендерге дайындаған тосын сыйым бар. Тосын сыйды ұнатасыңдар ма?

Балалар: иә

Аязата: абра –кадабра сим салабим ( 2рет) (таяғын айналдырады, сол кезде екі Фиксики шығады)

Би: Фиксики шығып билерін билейді.  №4

Фиксики: Салем, балақайлар! Қалдарың қалай? Бізді таныдыңдар ма?

Балалар: Иә.

Фиксики: Енді  «Әуенді қалпақ» ойынын ойнаймыз ба? №5

( балалар дөңгелене тізілеп тұрады. Музыка қосылады, қалпақты балалар кезекпен бір-бірінің басына кигізеді. Музыка сөнгенде, қалпақ кімнің басында сол оқушы өнерін немесе тақпақ айтады.)

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

ІІ жүргізуші: Аязата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

І жүргізуші: Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп,бақытты болайық!

Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

Кейіпкерлер : Аяз ата, Ақшақар, І жүргізуші, ІІ жүргізуші, Фиксики, Барыс, Қоян

Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст