"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Жаксы отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күзгі демалыс кезіндегі жоспар бойынша 9-11 сыныптар арасында өткізілген іс-шара

02.11.2022

02.11.2022 ж 9-11 сынып арасында "Брейнг-ринг"  дебаттық турнир өткізілді. Тақырыбы: «Интернет кітапты алмастыра ала ма?» білімгерлерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету, білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл - ойын дамыту, білімгерлерді алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа ұстамдылыққа, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу; Өткізген: Турсымбаева Ж.Х  Келденова А.Р

Тақырыбы: «Интернет кітапты алмастыра ала ма?»
Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін сіздер «Интернет кітапты алмастыра ала ма?» атты мектебіміз оқушылары арасындағы дебатта бас қосып отырсыздар. Кейінгі кезде «Кітапты қайтесің, барлығы да интернетте тұрған жоқ па? Қазір кітаптың емес, компьютердің заманы» дейтін пікірлер белең алып тұрғаны жасырын емес. Кітап жастанып, ұйқыға мүлгіген жандар немесе технологиялық мүмкіндіктерге бойұсынған оқырманға сауал...
Кітаптың орнын интернет алмастыра ала ма? осы жайында бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.
Сабақтың мақсаты: білімгерлерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету, білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл - ойын дамыту, білімгерлерді алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа ұстамдылыққа, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу;

Түрі: Дебат, пікір – талас.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап , ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар , сурет – плакаттар, слайд.

Бүгін инернет кітапты алмастыра алады тақырыбында «Парламент» тобы сөз қозғайды.
Жақтаушылар құрамында: Айтжанова Зарина, Ержан Мерей.

Интернетті даттаушылар «Үкімет»тобы, даттаушылар құрамымен таныс болыңыздар: Жалбыр Арайлым, Мұрзахмет Жайна.
Бүгінгі ашық пікір – таластың шарттарымен таныстырып өтейік.
1. Әр топ өздерін таныстырады;
2. Пікірталасу (екі топтан ойларын айтатындар кездесіп шығады. Регламинт 3 - 5 минутты сақтау)
3. Екі топ өзара сұрақ алмасады
4. Қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймыз
Алғашқы кезек топ мүшелері өздерінің басты мақсаты, ұранымен таныстырса.
 Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар айтыстыра неше бір
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл
демекші әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
Сарапшыларымыз: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Аманжол Әсет Бахытұлы, тарих пәні мұғалімі Исмайлова Адеми Хамитбековна.
Топтың аты: «Парлмент» , «Үкімет»
 Жүргізуші ашық пікір – таластың ойын – шартымен таныстырады.
Екі топтан ойларын айтатындар кезектесіп шығады.
Регламинт 5 – 7 минутты сақтау.

Қорытынды: әділқазылар жеңіске жеткен топты марапаттайды. Бүгінгі дебатқа қатынасып, өз пікірлеріңізбен бөліскендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!

Өткізген: Турсымбаева .Ж.Х
Келденова .А.Р

 

Просмотров: 238


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст